Ақын өлеңдері: Толғау
Стилі: Халықтың сол кездегі сөйлеу тілі
Бұқар өлеңдерінің таңбасы
Эпос тілі
Құрылысы : Шұбыртпалы
Кезекті
Ерікті
Махамбет поэзиясының тілі – шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген. Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып келеді. Оның тілдерінің күштілігі, көркемдігі мазмұнға бағыныңқылығында. Мысалы:
Мұнар да, мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанған шөккен күн,- деген үзіндідегі "мұнар", "шұбар" деген эпитеттерді алсақ, бұл эпитеттердің батырлардың өз бастарына және ел басына түскен ауыр халдерін суреттеп беруде үлкен мәні бар. Хан мен билердің ел басына туғызған қара күнін, басқа күндерден айрықша көрсету ушін, ақын сол күннің бейнесінде оқушыларының көз алдына елестету үшін "күн" деген сөздің алдына "шұбар", "мұнар" деген эпитеттерді қолданған.
Махамбет өлеңдерінде эпитет, теңеу, әсірелеу, литота, ауыстыру мағынасында қолданылатын фигура өзара байланысты түрде де жиі ұшырайды. Бұлардың өзара байланыстары ақынның сөзге шеберлігін дәлелдейді. Бұл жағынан алып қарағанда да Махамбеттің көркем сөз ұстасы екендігінен ешкім шек келтіре алмайды. Мысалы:
Кермиығым, кербезім! Керіскендей шандозым! Құландай ащы дауыстым! Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым! Хиуадай базарлым! Теңіздей терең ақылдым! Тебіренбес ауыр мінездім!- деген үзіндіде метафора, теңеу, эпитет бір-бірімен байланысып келетінін көреміз. Мұндағы образдар шебер қолданылған.
Халел Досмұхамедұлы Махамбетті «Алып ақын, домбырашы» десе, 1937 жылы Мұхтар Әуезов «Махамбет әрі батыр, әрі ақын-жырау, әрі домбырашы» деп жазған. Махамбет күйлері бүгінгі күнге дәл өзінің тағдыры секілді қиыншылықтармен жетті. Махамбет күйлерін іздеп тауып, оны ғылыми айналысқа түсірген ғалым Нәубет (Нығмет) Көшекбаев.