Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыздар? - Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыздар?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?
- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?
- Адам бірнеше мамандықты меңгертсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап…
- Абай
- Өз икеміміме сай
- мамандық таңдаймын
- Болашағымнан зор
- үміт күтемін
- Сүйсей таңдалған мамандық
- мемлекетке тек қана залалын тигізеді
- Өз болашағын анықтауда мынандай ережелер ұстану керек:
- Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.
- * Егер мамандық досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
- * Замануи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы керек.
- *Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мұмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.
- Өз болашағын анықтауда мынандай ережелер ұстану керек:
- * Ары қарай өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандыққа қажеті болары сөзсіз!
- * Мектептегі оқу пәндері – нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта!
- * Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
- * Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
- Жақсы адам-бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды
- Тапсырмалар орындау: Топтармен жұмыс: « Әріпті мамандық» ойыны
- Екі топқа әріптер беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр сырын айту керек.
- 1. Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
- Медсестра-мұғалім
- 2. Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
- Егінші –агроном
- 3. Мына мамандықтардың қайсысы қазіргі уақытта жоқ жойылған:
- Суретші, ЭВМ операторы,тракторист- машинст, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құралдармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы , клоун, педагог.
- 1. Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
- Кітап сатушы- дәрігер
- 2. Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашлығын анықта.
- Инженер- автобус жүргізушісі
- 3. Мына мамандықтардың қайсысы соңғы 10 жылдықта пайда болды:
- Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинст, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құралдармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы,, клоун.
- Психологиялық сәт: «Психогеометрия»
- Оқушылар! өздеріңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауларың тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрейік.
- Психологиялық сәт
- "Психогеометрия"
Достарыңызбен бөлісу: |