Сабақ тақырыбы: Математика курсының жалпы білім беру мен ғылыми дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырудағы мәні



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі25,48 Kb.
#93362
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
784 1197 2904

Математиканы оқыту әдістемесінің мазмұны негізгі теориялық мәселелерден (математиканы оқытудың жалпы әдістемесінен) және математиканы оқытудың дербес мәселелерінен (дербес және арнайы әдістерден) тұрады. Математиканы оқыту әдістемесі өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Ол кездегі пәннің зерттеу нысаны қоғамдық дамудың қажеттілігінен туындаған бастауыш мектептегі математиканы оқытудың мәселелері еді. Орта және жоғарғы сынып оқушыларына математиканы оқыту мәселелері XIX ғасырдың соңғы жылдарында ғана қарастырыла бастап, математиканы оқытудың әдістемелік зерттеу нысанына айналды. Математиканы оқыту әдістемесі – математиканы тиімді оқыту туралы ілім. Оның өз теориясы, оқыту бағдарламалары, оқу жоспары мен құралдары, өз тарихы бар. Швейцария педагогі И.Г.Песталоццидің 1503 жылы «Сандар туралы көрнекі оқу» деген кітабының жарық көруіне байланысты математиканы оқыту әдістемесі дербес пән ретінде дами бастады. Алғаш рет «Математиканы оқыту» деген сөзді 1836 жылы неміс педагог математигі Адольф Дистервег пайдаланды. Гректің «метод» деген сөзінен туындаған «Математиканы оқыту методикасы» тіркесі қазақша «Математикаға апаратын жол» деген мағынаны білдіреді. Чек педагогі Ян Амос Коменский математиканы оқыту әдістемесі дегеннің орнына «Математиканың дидактикасы» деген сөз тіркесін пайдаланды. 1920 жылдан бастап, мұның баламасы «Математика педагогикасы» деген атау қолданылды. Әл-Фараби математиканы оқытудың білімдік және тәрбиелік сипаттарын «математика тәлімі» атауына сыйғызды. Математиканы оқыту әдістемесі – математиканы оқыту мақсаттарын қоғам талаптарына сай жүзеге асырып, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ол: - педагогиканың, психологияның және басқа ғылым саласының табыстарын пайдаланады; - әдістемелік жүйені өз қызметінде теориямен фунциялық бірлікте қарастырады; - ұсынылған оқыту мазмұнын барынша тиімді меңгертуге ықпал етеді. Математика тарихын білу, оны мектепте оқытудың әдестемесін, индукциялық, дедукциялық т.б. әдістерді меңгеру мен қолдану – математиканың жетістіктерін қоғам талабына сәйкестеп, тәжірибеден және дидактикалық өңдеуден өткізеді. Оны мұғалім іске асырады. Дидактика – грек тіліндегі «didaktikos» оқытатын және «didasko» – оқитын деген мағына беретін сөздерден бастау алады. Алғаш рет оны ғылыми қолданысқа енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635), ал оның лекциялар курсы «Дидактикадан қысқаша есеп беру немесе Ратихия оқыту өнері» деп аталған («Kurzer Bericht von der Didactica, oder Lehrkunst Wolfgangi Ratichii»). Осы ұғымды сол мағынада ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670), 1657 ж. Амстердам қаласында жарық көрген өзінің әйгілі «Ұлы дидактика» (дәлірек: «Бәрін бәріне оқытудың әмбебап өнерін көрсететін, Ұлы дидактика») кітабына ендірген. Қазіргі түсінік бойынша дидактика – білім беру мен оқытудың мәселелерін зерттейтін, ғылыми білімнің маңызды саласы болып табылады. Сынымен бірге, дидактика – теориялық және нормативті-қолданбалы ғылым. Білімдерді қабылдау, әрекет ету әдістері (біліктіліктер) оқу үрдісін құрудың екі негізгі нұсқасында іске асырылады: репродуктивті (өндіруші) и продуктивті (шығармашылық) (В. И. Загвязинский). Оқыту заңдары:
1. Оқытудың мақсаттарының, заңдарының, мазмұныны мен әдістерінің әлеметтік келісімділік заңы;
2. Оқытудың тәрбиелеуші және дамытушылық сипатының болу заңы;
3. Білім алушылардың оқу мен тәрбие әрекеттері сипатының байланыс заңы;
4. Педагогикалық үрдістердің бүтіндігі мен бірлік заңы;
5. Оқытудағы теория мен практиканың бірлігі мен өзара байланыс заңы;
6. Жеке және ұжымдық оқытудың бірлігі мен өзара келісім заңы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет