Сабақ тақырыбы Механикадағы күштер



бет4/8
Дата27.11.2019
өлшемі0,86 Mb.
#52573
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9 сынып Механикадағы күштер 1 ҚМЖ


Ауырлық күші

Жер бетіндегі барлық денелер жерге тартылады, яғни Жер тарапынан тартылыс күші болады. Бұл күшті ауырлық күші сипаттайды. Ауырлық күші дененің массасына тура пропорционал болады. Жер бетіндегі g тұрақты шамасы 9.8 м/с2 – ге тең. Оны еркін түсу үдеуі деп атайды. Ол да векторлық шама, Жер центріне қарай бағытталады . Оның мағынасы Жер 1 кг денені 9,8Н күшпен өзіне тартады деген. Ауырлық күші үнемі жерге бағытталады.

Денелердің ауырлық күшінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. ( Ауырлық күшімен салыстырғанда ауаның кедергі күші азырақ болғандықтан, оны ескермеуге болады.)



Басқа ғаламшарларда еркін түсу үдеуінің мәндері әр түрлі болады: g Марс=3,73 м/с2, g Шолпан=8,8 м/с2, g Юпитер=24 м/с2

Мұндағы g тұрақты шама, g=9.8 м/с2



Тапсырма: әр оқушы өзінің Жерге түсіретін ауырлық күшін есептеп, Юпитердегі ауырлық күшімен салыстыру

  1. Серпімділік күші

Дене деформацияланғанда пайда болады. Деформация - дене пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі (созылу, сығылу, майысу, бұралу, ығысу).

Fсеріп=kx - Гук заңы,



Мұндағы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет