Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Қазақ тілі Т2
Күні:
Сынып: 8
|
Бөлім: I. Білім. Ғылым. Инновация
Педагогтің аты-жөні:
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
1.Мен армандайтын мектеп
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
8.1.1.1 мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау
8.5.1.1 болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды. Болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Қанша? Қаншада?
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Көтерiңкi көңiл-күй oрнaту үшiн «Ізгілік шары» әдісін қолдану арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Шеңбер болып тұрған оқушылар бір-біріне «ізгілік шарын» ұсыну арқылы жақсы тілектер айтады.
|
слайд
Суреттер
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Сөздікпен жұмыс:
Артықшылық, талап, өзекті, білімпаз, кісі, кемшілік
1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
|
Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.
Оқушылар жаңа сөздермен сөз орамдарын, қарапайым сөйлем құрастырады.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
|
Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
|
Оқулық
4 бет
сөздік
слайд
|
|
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына қажет сөзді қойып жазады.
1. Ғылым — ..., білім — қайық.
2. Ғылым таппай мақтанба, орын ... баптанба (Абай).
3. Отан ... отқа түс, күймейсің.
Қажет сөздер: таппай, үшін, теңіз.
|
Жазылым. Айтылым «Мағынаны таны» әдісі. Өзі қалаған бір нақылдың мағынасын айтады.
Үлгі: Отан үшін отқа түс, күймейсің. Бұл сөздің мағынасы отанға деген махаббаттың беріктігіне негізделген.
|
Дескриптор:
-көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды
-өзі қалаған бір нақылдың мағынасын айтады;
|
Оқулық
4 бет
Оқулық
5 бет
|