Сабақтың ортасы
20 минут
10 минут
|
1-тапсырма. Музыкалық шығармашылық
Топтарда «Мен – музыкантпын» тақырыбына жоба дайындаңыз. Музыкамен байланысты мамандықты таңдап, жобалық жұмыс дайындаңыз. Жұмысты критерийлерге сәйкес ұсыныңыз.
1 топ –композитор. Еркін тақырыпқа ән/мелодия ойлап табыңыз.
2 топ – дирижер. Алдында тыңдаған музыкалық шығарманы таңдаңыз. Оған дирижерлік етіңіз.
3 топ - әнші. Алдында үйренген әнді таңдаңыз. Оны жеке және ансамбльде орындаңыз.
4 топ – аспапшы. Алдында тыңдаған музыкалық шығарманы таңдаңыз. Сіз шығарма мелодиясының ырғақты сүйемелдеуін орындайтын музыкалық шулы аспапты таңдаңыз.
Бағалау критерийлерін құрастыру
- Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын әр топ өз шығармашылық жұмысын бағалайтын критерийлер құрастыруы қажет.
Жұмыстарыңызды таныстырған уақытта өздерің құрастырған критерий бойынша бағалайтын боласыңдар.
Презентация.
Әр топ шығармашылық жұмыстарын таныстырады.
Топтар
бағалаушы,
бақылаушы,
өнер көрсетуші деген үш аймаққа ауысып отырып өз шығармашылық жұмыстарын таныстырады.
1 топ бағалаушы, 1 топ өнер көрсетуші
2 топ бақылаушы- көрермен рөлін атқарады.
Әр топ өздері жасаған бағалау критерийлерін бағалаушы топқа береді.
|
Ресурстар:
Музыка тыңдау үшін нотубуктар мен құлаққаптар
Әннің сөздері
Музыкалық аспаптар
|