Болєандыќган оныѕ туындысы бар болуы мїмкін



бет1/17
Дата09.06.2023
өлшемі368 Kb.
#178553
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
«Математика курсындағы экономика элементтері»


«Қарасор жалпы орта білім беретін мектебі»
мемлекеттік мекемесі

Математика пәнінен




«Математика курсындағы экономика элементтері»

Қолданбалы курсының бағдарламасы


(10 – сыныпқа арналған)
Құрастырылған:
математика пәнінің мұғалімі
Д.К. Анабаев
2013 жыл
ТҮСІНІК ХАТ

Мектепте оқитын оқушыларды математикаға деген көзқарас бойынша бірнеше топтарға бөлуге болады: математиканы тек мектепте оқып, әрі қарай өмірде қолданбайтын оқушылар тобы; болашақта математикамен байланысты мамандықты таңдап алатын оқушылар тобы.


Бұл бағдарлама математиканы өмірде қолданатын, әрі басқа мамандықтарға қажет ететін жаратылыстану-математика бағытында оқитын 10 сыныптар үшін ұсынылып отыр. Экономика саласын таңдаған оқушыларға қаржы заңдарын білу қажет. Қаржы заңдарын дұрыс меңгермеген, әрі есептеуді баяу жүргізетін оқушы болашақта жақсы маман иесі болатындығына күмән келтіріледі.
Ұсынылып отырған бағдарламада жас ұрпақтың қоғамдық өміріндегі экономикалық тәрбиенің мәні мен маңызын ашып көрсетіп, математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық тәрбие берудің нақтылы жолдарын анықтау мәселелері қарастырылады.
Қолданбалы курсы оқушыға экономикалық есепті математика тіліне аударған қандай да бір гипотезаны дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұсынылып отырған курс:

  • оқушылардың математикалық білімнің өмірдегі қолданылуымен таныстыру арқылы математикалық білім сапасын арттыруға;

  • оқушылардың өмірдінде кездесетін экономикалық міндеттерін шешуде;

  • оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, өз бетінше тұжырымдай алуға жағдай жасау, мүмкінділік жасаумен сипатталады.

Берілген курс 10 сыныпқа 34 сағатқа (аптасына 1 рет) есептелген.


Мақсаты: математикадан алған теориялық білімдерінің экономикадағы қолданылуымен оқушыларды таныстыру. Оқушылардың есептеу мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері:

  • математиканың білім қолданылымы айқын көрінетін экономикалық тақырыптармен таныстыру;

  • экономикалық есептердің түрлерімен таныстыру;

  • қоршаған орта туралы көзқарастарын математикалық тұрғыдан дамыту;

  • математикалық білімдерін экономикалық есептеуде қолдана алу;

  • экономикалық мәтінді есептер бойынша оқушыларға білімді меңгертудегі математиканың рөлін көрсету;

  • белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы оқушылардың ойлауын толық тұжырымдай алуға тәрбиелеу;

  • экономика, өндірісті дамыту үшін ғылым прогресіне қажеттілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • экономикамен байланысты мамандыққа бағдар беру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет