Сәйбек қарт: - Бұл кім? Қожа:- Мен ғой, ата. Мен Қожамын. Сәйбек қарт: - Мұнда неғып отырсың? Қожа: - Педсоветке келдім. Сәйбек қарт: - Онда сенің не шаруаң бар? Қожа: - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр. Сәйбек қарт: - Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме? Қожа: - Директор етеміз дейді. Сәйбек қарт: - Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады.