1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру
1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау
1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау
1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру
|
Тілдік мақсаты
|
Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту:
«Ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі», «отбасы», «дос» сөздерін оқушылар үш тілде айтады.
|
Кіріспе бөлім
5 минут
(Қызығушылықты ояту)
2 мин
|
– Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі бізге қонаққа ұстаздар келіп отыр. Алдымен сабағымызды бастамас бұрын сендердің бүгінгі сабаққа деген көңіл күйлеріңді анықтап алайық.
І. Психологиялық дайындық:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
- Бәріміз бір шаңырақ астында, тату тәтті, дос боп тұрайық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсірейік.
"Кубизм" әдіс - тәсілі арқылы.
- Балалар қандай бөлімдерді өттік?
- Өзім туралы.
- Менің мектебім.
- Менің отбасым және достарым деген бөлімдермен танысқан болатынбыз.
- Өткен сабақта не өттік? Еске түсірейікші?
- Дос болайық бәріміз бөлімшесін өткен болатынбыз.
- Балалар дос дегеніміз не?
- Нағыз дос: ол кім?
- Оқушылар, кімде дос бар? Оның аты кім?
- Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.
ІІІ. Ширату үшін «Бармақтар отбасы» видео ролик көрсету. - Балалар видео роликтен кімдер туралы айтылған?
- / / (Ата, әке,ана,аға,іні т.б)
- Бұлардың бәрін бір сөзбен не дейміз?
- / /. Отбасы дейміз.
- Жарайсыңдар! Өте жақсы! Тамаша! - Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қандай екен? - «Отбасы».
|
Интерактивті тақта.
Текше арқылы
стикер, ғаламтор көзінен видео
https://www.youtube.com/watch?v=RuAgdgXVvUA
|