Мотивациялық қозғаушы күші
Ізденіс ұйымдастырушы
Рефлексивті - түзетуші
|
Балалар әсем әуенмен топқа кіреді.
«Ән ұран» орындалады
Қайырлы күн менің сүйікті балаларым. Бүгін біз үшін өте ерекше күн әрі әсерлі іс-әрекетіміз бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Круг приветствия:
1. Здравствуйте солнце!
2. Здравствуйте небо!
3. Здравствуй, вся моя земля!
Тәрбиеші: Балалар қане бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Шаттық шеңбері:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Балалар қанекей біз табиғат құбылысы жайлы айтайықшы.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде табиғат құбылыстарында қандай өзгерістер болады?
Балалар күз мезгілі туралы тақпақты кім айтады?
1. Айлин.
Қарашы күз келді
Сары жапырақ басты іздерді.
2. Виолетта.
Ходит осень
В наймем парке
Дарит осень
Нам подарки.
3. Назмина.
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
4. Арсен.
Листопад, листопад
Листья желтые летят.
Қонаққа Айсұлу есімді қуыршақ келеді.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар сендер мені таныдыңдар ма?
Менің есімім Айсұлу болады.
Балалар мен сендерді көргеніме өте қуанып тұрмын, ал сендер ше?
Тәрбиеші:
- Ойын балалар қараңдаршы бізге қонаққа Айсұлу есімді әдемі қуыршақ келді.
Айсұлу сен біздің топқа білгендей келіпсің, біздің бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы «Менің әдемі қуыршағым». Кел бізге қонақ бол! Балалар қуыршақ туралы тақпақтар біледі.
Зере
Біздер де бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
Қанат
Сылдыр-сылдыр, сылдырмақ
Шақырады сылдырлап
Қарайды қуыршақ
Қарайды құлыншақ.
Нұрсезім
Іші толған бөлменің
Ойыншығым мол менің
Босқа тізіп қоймайық
Келе ғой дос ойнайық.
Ақтөре
Аяғың бар, сен неге
Жүре алмайсың, қуыршақ
Жұмсағанда сен неге
Тіл алмайсың, қуыршақ.
Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар.
Балалар сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
Қандай ойыншықтарың бар?
Ойыншықты жақсы көресіңдер ме?
Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Ойыншықтармен не істейді?
Дұрыс айтасыңдар. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықтармен ойнайды?
Ал машинаның түсі қандай?
Кім машина туралы тақпақ біледі?
Тәрбиеші: Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Пластмассадан
Резинадан жасалған ойыншықтар.
Ал қыста: қалпақ, қолғап, етік, жылы киімдерімізді киеміз.
Көктемде: кофта, жейдешелерімізді киеміз.
Жазда: күн ыстық болғандықтан жұқа көйлегімізді киеміз.
Ал, балалар барлығың тақпақтарды жақсы айтады екенсіңдер, жарайсыңдар.
Барлығымыз бірге қуыршақтардың суретіне назар аударайық.
- Балалар мына суретте не бейнеленген?
Дұрыс жайтасыңдар балалар.
Айгерім қуыршағын жууындырып жатыр. Көрдіңдер ме балалар қуыршақты және ойыншықтарды жуып, таза сындырмай, жыртпай ойнап болған соң қайтадан өз орнына жасап қоюымыз керек.
Балалар ойыншықтар мен ойнаған кезде бір-бірімізбен таласпай дос болып ойнауымыз керек. Ал балалар енді екінші суретімізге назар аударайық.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
Олай болса айтайықшы.
Ал балалар қазір біз қуыршақты жыл мезгіліне сай киіндірейік.
Балалар қазір біз төрт топқа бөлініп, жұмыс жасаймыз. Мұхият қарап тыңдаңдар.
1. қатар: Күз мезгілге сай алдымыздағы дайын қиылған түрлі-түсті әсем көйлекті қуыршақты киіндіреміз.
2. қатар: Қыс қуыршаққа матамен қуыршаққа тән жасап киіндіреміз.
3. қатар: Көктем алдымыздағы дайын салынған қуыршақтың көйлегін саусағымызды бояуға батырып өрнектеп әсемдейміз.
4. қатар: Жаз. Дайын қуыршақтың көйлегіне түрлі-түсті жіптермен оюлармен өрнектеу.
Балаларға қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
Қуыршақ бізге не әкелді?
Ойыншықтар сендерге ұнады ма?
Ойыншықтармен не істейміз?
Ойыншықты қалай ұстау керек?
Бүгін біз сабағымызды не жасадық?
Жарайсыңдар балалар! Сендерге сабақ ұнады ма?
Олай болса бүгінгі іс-әрекетіміз осымен аяқталды.
|
Балалрдың әсем әуенмен топқа кіреді.
Балалар барлығы ән ұранды бірге орындайды.
Балалар: Шаттық шеңберге тұрады. Балалар қимыл қозғалыс арөылы орындайды.
Балалар барлығы қимыл қозғалыс арқылы орындайды.
Қазір жылдың күз мезгілі.
Күн салқын болады,
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды. Айналаның барлығы сары түске енеді.
Балалар күз мезгілі туралы тақпақтарын айтты.
Балаларға қонаққа қуыршақ келеді.
Сәлеметсіз бе!
Жоқ, танымаймыз!
Айсұлу балаларға қонаққа келді. Балалар қуыршақ туралы тақпақтар айтады.
Балалар қуыршақ ойыншықтары туралы айтты.
- Иә, бар.
- Қуыршақ, доп, машина.
- Иә, жақсы көреміз.
- Сындырмай, жыртпай, жууып, ұқыпты таза ұстау керек.
- Ойыншықтар.
- Ойыншықтар мен ойнайды.
Қызыл, сары, көк.
Балалар машинамен ойнайды.
Сары, көк, жасыл.
Бейбарыс
Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем
Кабинаға сыймаймын.
Қуыршақты жуындырып жатыр.
Балалар қуыршақтарымен және ойыншықтарымен қалай ойнау керектігін біледі.
Төрт мезгіл бар.
Күз, қыс, көктем, жаз.
Балалар төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды. Балалар қауіпсіздік ережесін зейін салып мұқият тыңдайды.
Балалар қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.
Айсұлу есімді қуыршақ келді.
Бізге ойыншықтар әкелді.
Ия, ұнады!
Ойыншықпен ойнаймыз.
Ойыншықты сындырмай таза, ұқыпты ұстау керек.
Қуыршақ киімін әсемдедік.
|