Сабақ тақырыбы М.Әуезов «Ақын қонақтар»



Дата22.03.2017
өлшемі70,02 Kb.
#12121
түріСабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байназарова Гүлзираның қысқа мерзімді жоспары

06.02.2016

Қазақ әдебиеті 5 «д»

Сабақ тақырыбы

М.Әуезов «Ақын қонақтар»

Жалпы мақсат:

Мұхтар Әуезов  туралы деректер, Абай шығармашылығына тоқталу, Мұхтар мен Абай сабақтастығын түсіндіру, шығарманың мазмұнын  меңгерту.Өнер адамына, еліне, тарихына , табиғатына , тілге деген оқушының сезімін ояту.Логикалық ойлау қабілетін, өмірге деген  көзқарасын дамыту, шығармашылық белсенділігін шыңдау, мәнерлеп оқыту, мәтінмен жұмыс істеуін дамыту


Сілтеме:

5-сынып оқулығы ,электрондық оқулық

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Өз беттерімен білім алуға талпынады,тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.

Негізгі идеялар:

Оқушылар Абай шығармаларын қастерлей білуге дағдыланады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Жұмыс дәптері,тақта,мәтін

Оқыту әдістері:

сұрақ –жауап, топтастыру




Орындалатын тапсырмалар

Уақыт

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық

Атмосферасын қалыптастыру.

4 минут

ІІ Тұсау кесер

ІІ Негізгі бөлім

Қорытынды


VI.Үйге тапсырма беру. 

V.Бағалау

А/ Амандасу

Ә /Сынып оқушыларын түгендеу

Психологиялық дайындық:

Үй жұмысы

Абай өмірі. «Ақын қонақтар» әңгімелеу

«Шебер әңгімеші» (жоспар бойынша үш топ әңгіменің мазмұнын айтып 
шығады ) 

1 – топ: «Абай», 2 – топ: «Зере», 3 – топ: «Барлас» 
Жоспар: 
1. Аналар әңгімесі 
2. Ақын қонақтар 
3. Ақындарға ризалық 
Жаңа сабақ


2. «Ең негізгісін білесің бе?»  
1 – топ: Абай 
2 – топ: М.Әуезов 
3 – топ: «Абай жолы» романы туралы білетіндерін қағаз бетіне түсіреді, топта 
қарастырады, алдыға шығып қорғайды 
3. «Кім жылдам» (сұрақ - жауап) Әр топқа сұрақ қойылады. 
Жауап бере алмаған топтың сұрағына басқа топ жауап бере алады. 
1 – топ: Сұрақ: Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер? Барлас Абайға ризалығын  білдіріп не тарту етті? 
2 – топ: Сұрақ: Қонақтың қандай түрлерін білесіңдер? Барлас пенБайкөкшенің 
қонақтауын қонақтың қай түріне жатқыза аламыз? 
3 – топ: Сұрақ: Батаның қандай түрлерін білесіңдер? Барластың Абайға берген  батасы батаның қай түріне мысал бола алады? 

4. «Сөз жарысы» (мағынаны ажырату, семантикалық карта) 
Әр топтың алдына кесте беріледі. Топта талқылайды, алдыға шығып қорғайды. 
1 – топтың кестесі  .Кейіпкерлер 
Шығармадан үзінді 

Абай 
Байкөкше 
Барлас 
Ұлжан 
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақсары кісі (Кімнің портреті ?) 
- Е, балам: «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел дағы 
(Кімнің сөзі ?) 
Тағыда келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер. Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста ырым байлаттым. Ала кетіңдер... 
(Кімнің сөзі ?) 
Бертін келе, түнде ол Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді (Ол кім?) 

2 – топтың кестесі  Кейіпкерлер 
Шығармадан үзінді 

Абай 
Ұлжан 
Зере 
Барлас 
...Бойы өскен. Қол- аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. (Кімнің портреті ?) 
- Е – е... Бұлдыр – бұлдыр күн өткен, бқрынғыдан кім өткен... 
(Кімнің сөзі ?) 
Шырағым, ер жетерсің, 
Ер жетсең не етерсің?! 
Алысқа шырқап кетерсің, 
Шындасаң шыңға жетерсің. 
(Кімнің батасы?) 
- Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар.Қадамы құтты қонақ болдыңдар. (Кімнің сөзі?) 

3 – топтың кестесі 
Кейіпкерлер 
Шығармадан үзінді 

Абай 
Зере 
Байкөкше 
Барлас 
...Күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ кеп қонды: бірі – қартаң, бірі – жас қонақ (Бұлар кімдер еді ?) 
...Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір, бозғылданған... 
(Кімнің портреті ?) 
Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. 
(Кімге айтқыза беретін ?) 
Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп - Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. (Кім оқып беретін?) 
5. «Ой толғау» (хат жазу) 
1 – топ: Абай атаға 
2 – топ: Мұхтар ағаға 
3 – топ: Зере әжеге шығарма бойынша түйген ойларын, өз сезімдерін білдіріп хат 
жазады. Жазған хаттарын алдыға шығып оқиды. 

Ой толғауды аяқтау (хат түрінде) 



Оқушыларды формативті бағалау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет