«М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжі» ЖШС
Cабақ жоспары Нанотехнология (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атау: Физика
Дайындаған педагог: Токтасинова Гульмира Аскаровна
___________________ 2023 жыл 31. Жалпы мәліметтер: Курс, оқу жылы, топ: 1-курс, ТОРА-9/22-01, ОДД-9/22-01, ОПЖД-9/22-01
Сабақ типі: лекция, семинар
2. Мақсаты, міндеттер: 1. Наноматериалдардың физикалық қасиеттерін және оларды алу тәсілдерін түсіндіру;
2. Нанотехнологияларды қолдану бағыттары мен мүмкіндіктерін, жетістіктерін талқылау;
3. Нанотехнологиялардың дамуындағы және адам өміріндегі маңызын тұжырымдау.
2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі - Наноматериалдардың физикалық қасиеттері мен оларды алу жолдарын түсіндіре алады; · Нанотехнологиялардың қолданылу салаларын, мүмкіндіктерін, жетістіктерін талқылайды; · Нанотехнологиялардың дамуы мен адам өміріндегі маңызын тұжырымдайды. 3. Сабақты жабдықтау: 3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер «Физика» оқулығы, интернет желісі
3.2 Техникалық құралдар, материалдар Компьютер, презентация (Power point)
4. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (5 мин)
Студенттерді түгендеу, назарын сабаққа аудару және сабақтың мақсатымен таныстыру.
4.1. «Қызығушылықты ояту» Нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды қарастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр 10-9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады.
1986 жылы студент Эрик Дрекслер өзінің «Жасампаз машина» аталатын футуристік эссесінде тұнғыш рет молекулалары технология атауын қолданады. Ол фантаст-жазушы Станислав Лемнің идеяларына өз қиял болжамдарын қосақтай отырып, «саналы тіршілік ортасының» жалпы бет бейнесін жасап шығады. Осы болжамға сәйкес, ХХІ ғасырда нанороботтар әрбір заттың, әрбір адам ағзасына ішіне енгізіледі де, адамзат қоршаған әлеммен бірге тұтастай саналы компьютерге айналды.