Сабақ тақырыбы Моңғол империясының құрылуы



Дата21.01.2020
өлшемі33,89 Kb.
#56269
түріСабақ
Байланысты:
Қазақстан тарихы 6 сынып XIII – XV ғасырдың І


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан

Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:




Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Моңғол империясының құрылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру


Сабақ мақсаттары

Деректерді талдау арқылы көшпелілердің тарихында қандай саяси үрдіс орын алғанын сипаттайды.

Бағалау критерийлері


Қолдану: Моңғолдар мемлекетінің маңызды оқиғаларын анықтап, уақыт сызығына орналастырады және картадан көрсетеді;

Сыни ойлау мен талдау: Әскери өнерге елдің басты заңында қандай талап қойылғанын талдай алады.

Тілдік мақсаттары

Бейнематериалды көріп, оның мәнін талқылау (тыңдалым және айтылым дағдылары);

Тыңдаған бейнематериалды жазбаша мазмұндау (жазылым дағдылары);

Тарихи дерекпен жұмыс(оқылым, жазылым және айтылым дағдылары).

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Яса (Жасақ), кешіктен, құрылтай, әскери жүйе, біріктіру оң қанат, сол қанат, орталық қанат.



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Моңғол империясы құрылуының алғышарттары…

Аталған мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы/көрші елдермен саясаты….


Құндылықтарды

дарыту


Құндылықтар:

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- өз елі үшін мақтаныш


Пәнаралық байланыстар

«Дүние жүзі тарихы», «География», «Әдебиет» пәндері

Бастапқы білім

Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин



(Б) БЫМ. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту үшін бастапқы ынталандырушы материал ретінде «Моңғол мемлекеті» жайлы бейнефильм көрсетіп, төмендегі сұрақтар бойынша талдау жасату.

  • Нені көрдіңдер?

  • Нені түсіндіңдер?

  • Қандай сезімде болдыңдар?

  • Қандай қорытындылар шығаруға болады?


) Сыныптық талқылаудан кейін оқушыларды сабақ тақырыбына алып келіңіз.

) Жаңа сабақтың тақырыбын, зерттеу сұрағы, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.

Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. І том. Атамұра, 2010

Бейнеролик http://www.youtube.com/watch?v=gFVz08_bLAI (32.55 мин)

Презентация


Сабақтың ортасы

11-30 мин

30-38 мин


Зерттеу және талдау

1-тапсырма

Т. Дерекпен жұмыс

1-топ. «Моңғол империясының құрылуын» дерекпен танысып, Time Line» уақыт сызығын құру (Қосымша 1)

Деректі талдауға нұсқаулық:

1.Моңғол империясының құрылуындағы маңызды тарихи оқиғалар мен мерзімдерді таңдап алып, сызық бойына орналастыру

2.Ең маңызды бір тарихи оқиғаны таңдап алып, моңғол империясы үшін неліктен аса маңызды екендігін дәлелдеу.

3.Маңызды оқиғаларды картаға түсіру.


Дескриптор:

  • Моңғол империясының құрылуындағы маңызды тарихи оқиғалар мен мерзімдерді таңдап алып, уақыт сызығы бойына орналастырады;

  • Ең маңызды бір тарихи оқиғаны таңдап алып, моңғол империясы үшін неліктен аса маңызды екендігін дәлелдейді.

  • Маңызды оқиғаларды картаға түсіреді.

2-топ. «Жасақ заңын» талдау. (Қосымша 2, 3)

Деректі талдауға нұсқаулық:

1. Деректің қандай түріне жатады?


2. Қай уақытта жазылған?
3. Авторы кім?
4. Қазір қолдануға болады ма?

Дескриптор:

  • Қандай деректің түріне жататынын анықтайды;

  • Жазылған мерзімін сипаттайды;

  • Авторын анықтайды;

  • Бүгінгі күні қолдануға болады/болмайды пікір келтіреді;

3-топ.

3-дерек. «Шыңғыс хан» туралы пікірлер (Қосымша 4, 5)

Деректі талдауға нұсқаулықтар:

  1. Берілген мәтіндегі бос сөздердің орнына көмекші сөздерді қойыңыздар.

  2. Мәтінді мұқият оқып шығып, негізгі идеясын табыңыз.

Дескриптор:

  • Берілген мәтіндегі бос сөздердің орнына көмекші сөздерді орналастырады.

  • Мәтіннің негізгі идеясын табады.


2-тапсырма

(Ж) « Тарихи тұлғаға мінездеме».

  1. Өмір жолынан мәлімет (шығу тегі, өмірінің ең маңызды кезеңінен мәлімет).

  2. Тұлға іс әрекет еткен тарихи орта мен тарихи жағдайды сипатта.

  3. Қандай ортадан шықты, оның қалыптасуына әсер еткендер адамдар.

  4. Жеке тұлға мен оның көзқарасы мен сенімінің қалыптасуына әсер еткен жағдай

  5. Тұлғаның жеке қасиеттері оның алдына қойған міндеттерін шешуге сәйкес келу дәрежесі.

  6. Оның айналысындағы адамдармен қарым қатынасын анықта

  7. Мақсатқа жетудегі әрекеті, құралы, әдісі.

  8. Сенің ойыңша оның ұлы ісі қандай? Кімнің мүддесін көздегенін ойланып жауап бер.

  9. Оған берген ұлы адамдардың бағасы жөнінде пікірлерін келтір.

  10. Өзіңнің көзқарасың қандай? Көзқарасыңда қарама қайшылық жоқпа? Қорытынды жаса.

Дескрипторы:

  • Әр оқушы тарихи тұлғаға мінездеме бере алады.

Кері байланыс. Топтық жұмысты оқушыларға «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалатыңыз.
Интерпретация

М. Сабақтың қорытынды бөлімінде тапсырманы барлық оқушыларға беріңіз. Оқушыларға «ШЫҢҒЫС ХАН – ұлы қолбасшы және реформатор» келісесіз бе? сауалына пікір талас ұйымдастырыңыз.

Дәлелдер

ЖАҚТАУ

Дәлелдер

ТЕРІСКЕ ШЫҒАРУ

1.

2.

3.

1.

2.

3.



Сұлтанов Т. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары. – А: Мектеп, 2007.



http://lms.nci.kz/history/view?f=1 46&id=7&lang=kaz
Моңғол дәуіріндегі Қазақстан http://e-history.kz/kz/contents/view/1218
«Біздің тарих" Моңғол атты әскері. https://www.youtube.com/watch?v=xOWR3pqLABA

Сабақтың соңы
39-40 мин

Рефлексия:

  • Менің бәрінен де бұрын … жасау қолымнан келді

  • Мен өзімді … үшін мақтай аламын

  • Мен сыныптастарымды ... үшін мақтай аламын

  • Мені таң қалдырды…

  • Мен үшін ... жаңалық болды

  • Менің пікірім бойынша … іске аспады, себебі ….

  • Болашақта мен … ескеремін




Саралау –оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабі леті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Сыныптық талқылау барысында оқушылардың сұрақтарды түсіну деңгейі анықталады, сын тұрғысынан ойлау, тарихи деректермен және белгілі бір фокусқа бағытталып жұмыс жасау дағдылары дами бастайды.

Оқушылар өзара критерийлер арқылы бағалайды.

Мұғалімнің кері байланысы.



Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ барысында ОМ толығымен ашылды. Оқушылардың көпшілігі оқу мақсаттарына қол жеткізді. Оны оқушылардың мәтінді талдау барысында, өз пікірлерін дәлелдермен негіздеу барысынан байқауға болады. Кейбір оқушыларға көмек көрсетілді.

Әр топқа басқа оқушыларға қолдау көрсету мақсатында тілдік қабілеті жоғары оқушылар отырғызылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Жоспар бойынша барлық тапсырмалар орындалды.

Сабақ жоспарынан үлкен ауытқулар болған жоқ. Тек оқушылар білімдерін мәлімдеу барысында уақытты үнемдемейді. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: уақытты тиімді қолдану

2: бейнематериалды тыңдауға уақыт тапшылығы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жұптық және топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау (бірін бірі тыңдау, өз пікірін білдіру, дәлелдер келтіру) дағдыларын жетілдіруге әсерін тигізді. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтағы оқушылардың әрекетін бақылауды, қажет болған жағдайда көмек көрсетілу керектігіне көз жеткіздім. Келесі сабақтарға уақытты тиімді қолдануды ескердім.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет