Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Зерттеу сұрағы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген кімдер: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;
6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
Моңғол шапқыншылықтарының салдарын талдайды
|
Бағалау критерийлері
|
Қолдану: монғол империясының ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттерді анықтап, атауын, кескін картаға түсіреді
Синтез: Жошы, Шағатай ұлысында пайда болған мемлекеттердің атақты билеушілері кейпіне еніп, сынып алдында өз мемлекетіне сипаттама беріп, берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Тілдік мақсаттары
|
Бейнематериалды көріп, оның мәнін талқылау (тыңдалым және айтылым дағдылары);
Тыңдаған бейнематериалды жазбаша мазмұндау (жазылым дағдылары);
Тарихи дерекпен жұмыс(оқылым, жазылым және айтылым дағдылары).
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Орда, хан, сұлтан, уәзір, империя, жасақ.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Менің ойымша Моңғол империясының ыдырауы…
Моңғолдардың түркіленуінің дәлелі ретінде
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Құндылықтар:
- патриотизм
- отансүйгіштік
- өз халқы үшін мақтаныш
- көшбасшылық
- ұлттық сана – сезім
- бостандық
|
Пәнаралық байланыстар
|
«Дүние жүзі тарихы» пәнінен алған білімдерін жаңа білімді бекітуде қолданады. «География» пәнінен алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында пайдаланады.
|
Бастапқы білім
|
Моңғол империясының шапқыншылықтарын біледі
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-10 мин
|
(Б) БЫМ. Болжам жаса: «Орасан зор аумақты алып жатқан Моңғол империясы ыдырағаннан кейін картада қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?»
Оқушылар түрлі жауаптарды қайтарулары мүмкін: империяның құлдырап, бөлшектеніп кетуі, бағынышты мемлекеттердің өз тәуелсіздігі үшін күресінің басталуы, ішкі алауыздық пен кикілжіңдердің орын алуы және т.б.
Жаңа сабақтың тақырыбын, зерттеу сұрағы, мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
|
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010
Алтын Орда
http://e-history.kz/media/upload/55/2013/10/22/5eff006ac06f8b33293772b1ac92cd83.pdf
|
Сабақтың ортасы
11-30 мин
30-38 мин
|
Зерттеу және талдау
Т. Дерекпен жұмыс Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі ретінде Алтын Орданың өмірлік циклін зерттейді.
1-топ. Алтын Орданың құрылуына әсер еткен факторлар (соғыстар, географиялық, экономикалық, сыртқы, әлеуметтік-саяси факторлар).
Дескриптор:
- Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі елдің ішкі жағдайын сипаттайды;
- Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі елдің ішкі жағдайында орын алған өзгерістерді экономикалық, әлеуметтік, этникалық, тарихи, саяси, демографиялық факторларға жіктейді.
2-топ. Алтын Орданың күшеюі (билік үшін күрес, мемлекеттіліктің қалыптасуы,басқа территорияларды басып алу, экономикалық күштілік, мәдениеттің дамуы). (Қосымша 2)
Дескриптор:
- Қазақ хандығының құрылуын кімдер еске сақтау керектігін атайды;
- Қазақ хандығының құрылуындағы оқиғалардың жағымды/жағымсыз нәтижелерін талдайды;
- Қазақ хандығы құрылған кезде және бүгінгі күні оқиғаның маңыздылығына баға береді.
3-топ. Мемлекеттің құлдырауы (ішкі алауыздық, әлеуметтік теңсіздік, экономикалық дағдарыс, үздіксіз соғыстар, бөлшектеніп кету).
Дескриптор:
- Кестедегі бос және сұрақ белгісінің орындарын толтырады;
- Қазақ елін кім, қашан «Ұлы Дала» деп атағанын анықтайды;
- Елбасының қазақ даласын не себепті «Ұлы Дала» деп атағанына болжам жасайды.
Кескін картамен жұмыс. Алтын Орда территориясын және ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттерді астанасы мен қоса кескін картада белгіле.
Оқушылар жұптасып жұмыстарын бағалайды
Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы
Интерпретация
Т «Мемлекетті таны» ролдік ойыны. Әр топқа мемлекет атауы беріледі. (Мыс: Алтын Орда, Ақ Орда, т.б.) «Мемлекет ханы» өз мемлекетінің атын атамай, сынып алдында оған қысқаша сипаттама береді. Басқа топтар бұл мемлекетке қатысты сұрақ қою арқылы қай мемлекет екендігін табуы қажет. Қай топ қаншалықты дұрыс жауаптарын тапса, сол топ жеңімпаз болады.
|
http://www.vostlit.info (Восточная литература. Средневековые исторические источники Востока и запада).
Қазақстан тарихы туралы моңғол деректемелері. ауд. Н. Базылхан; ғыл. ред. М. Қ. Әбусейітова. Р. Б.
К. Д. Оссон «от Чингисхана до Тамерлана». – Алматы: «Санат», 2001.
Бас ред. М.Х.Асылбеков, Қ.С. Алдажұманов, К.М.Байпақов. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2012
Сүлейменов атын. шығыстану ин-ты: 1-том.: Моңғолдың құпия шежіресі.- Алматы, Дайк-пресс, 2006.Т. Сұлтанов. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары. – А: Мектеп, 2007
Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 2 том. Қазақстан алтын Орда дәуірін... Жанайдар О. Қазақ энциклопедиясы, 2006 ж.
|
Сабақтың соңы
39-40 мин
|
Рефлексия:
Бүгінгі сабақтан алған әсері «Бес бармақ» тәсілі бойынша жүргізіледі. Бұл тәсіл арқылы барлығын түсіндім, енді түсініп келемін, түсінбедім деген сұрақтардың пәрменінде белгілейді.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай
көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабі леті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сыныптық талқылау барысында оқушылардың сұрақтарды түсіну деңгейі анықталады, сын тұрғысынан ойлау, тарихи деректермен және белгілі бір фокусқа бағытталып жұмыс жасау дағдылары дами бастайды.
|
Оқушылар өзара критерийлер арқылы бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы.
|
Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сабақ барысында ОМ толығымен ашылды. Оқушылардың көпшілігі оқу мақсаттарына қол жеткізді. Оны оқушылардың мәтінді талдау барысында, өз пікірлерін дәлелдермен негіздеу барысынан байқауға болады. Кейбір оқушыларға көмек көрсетілді.
Әр топқа басқа оқушыларға қолдау көрсету мақсатында тілдік қабілеті жоғары оқушылар отырғызылды.
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Жоспар бойынша барлық тапсырмалар орындалды.
Сабақ жоспарынан үлкен ауытқулар болған жоқ. Тек оқушылар білімдерін мәлімдеу барысында уақытты үнемдемейді. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: уақытты тиімді қолдану
2: бейнематериалды тыңдауға уақыт тапшылығы
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Жұптық және топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау (бірін бірі тыңдау, өз пікірін білдіру, дәлелдер келтіру) дағдыларын жетілдіруге әсерін тигізді. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтағы оқушылардың әрекетін бақылауды, қажет болған жағдайда көмек көрсетілу керектігіне көз жеткіздім. Келесі сабақтарға уақытты тиімді қолдануды ескердім.
|