Теңге монеталары (1, 2, 5, 10, 20, 50, 100) бар қалталар алып қағып дыбыс шығару.
-Балалар қалтада не бар ?
-Кешегі сабақта біз монета туралы не білдік?
Құны аз монеталардан бастап қалтадан біртіндеп шығару.
-Мынау қай монета? Бұл монетаның номиналды құнын білесіңдер ме?
Монетада жазылған сан оның номиналды құнын білдіреді.
(Т) Әр топқа қапшыққа салынған монеталарды беру.
1) Ең үлкенінен кішісіне қарай орналастыр
Кему ретімен санайды.
100 тг, 50 тг, 20 тг, 10 тг, 5 тг, 2 тг, 1 тг
Сұрақтар қою.
-100 тг мен 20 тг ортасында номиналы қандай монета орналасқан? (50тг монета)
- номиналы 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар орналасқан?
-(2 тг және 10 тг монеталар)
1 тг мен 10 тг ортасында қандай монеталар орналасқан? (2 тг және 5 тг монеталар)
Қорытынды жасауын қадағалау: номиналы кіші монетаның құны төмен, номиналы үлкен монетаның құны жоғары болады.
Кітаппен жұмыс.
Шайға төле.
Сәуленің үш 10 теңгелік мнетасы бар. Ол 1 кесе шай мен 1 қантқа ақша төлеу керек. Шай 20 теңге, қант 8 теңге тұралы. Ол қолындағы ақшасын қалай ұсақтау керек?
Шығарып көр.
Анардың 20 теңгелік монетамен 60 теңге ақшасы бар. Ол алма, алмұрт және қара өрік сатып алмақшы болды. Бұларға ақшаны тура төлеу үшін Анар ақшасын қалай ұсақтауы керек?
Монета қанша? (Өздік жұмыс) 5 минут
10 тг алу үшін, неше 5 тг монетасы қажет болады?
20 тг алуүшін, неше 10 тг монетасы қажет болады?
20 тгалуүшін, неше 5 тг монетасы қаже?
50 тгалуүшіннеше 10 тг монетасы қажет болады?
Сергіту сәті "Көңілдікүн"
(Т) Шығарып көр.
1 топ
1 тг, 2тг, 5тг, 10тгмонеталарының бір түрінен неше рет алып 20 тг жинауға болады? Номиналды құны бірдей монеталарды қолдан. Мысалы 20 монета құны 1 теңгеден болу керек.
Жауабы:
1 тг- 20 дана
2тг- 10 дана
5 тг- 4 дана
10тг- 2 дана
2 топ
5тг, 10тг монеталарының бір түрінен неше рет алып 50 тг жинауға болады? Номиналды құны бірдей монеталарды қолдан. Мысалы 50 тгмонета құны5 теңгеден болукерек.