Lesson study туралы ой-толғаныс



Дата29.03.2017
өлшемі22,28 Kb.
#12612
Lesson study туралы ой-толғаныс

Lesson study дегеніміз не? Біздің мектепте 2014-2015 оқу жылынан бері Lesson study эксперименті өтіп жатыр. Тоқсанына бір рет эксперимент күні өтеді. Мектепте әр –түрлі бағыттар бойынша топтар құрылған. Эксперимент үшін сыныптар іріктеленіп алынады. Ұстаздар қауымы бірігіп бір сабақтың жоспарын құрайды. Топ арасынан бір мұғалім сабақты өткізеді. Ал, басқа мұғалімдер А, В, С оқушыларының сабақ барысындағы белсенділігін, үлгерімін қадағалайды. Сабақтың сәтті және сәтсіз жақтарын зерттейді. Сабақтар өтіп болған соң, коучинг өтеді. Онда сабақты жақсарту үшін тиімді жолдары талданады және өтілген сабақтардың іске асқан және аспай қалған тұстары топ-ара талқыға салынады. А,В,С оқушыларының ынтасы ескеріледі. Әр топ мүшесі сабақты бағалап, өз ұсыныстарын жазады. Ортақ қорытынды шығарады. Келесі жолы ескерілетін сәттері жоспарланады.

Өзіме тоқталатын болсам бұл экспериментке еңгеніме бір жыл болады. Әріптестерімен бірге топтасып жоспарланған екі сабақ өткіздім. Ол сабақтарды өткізген күндері мектебімізге областан және аудан мектептерінен әріптестеріміз де қатысты. Жалпы айтқанда ол мектеп, мұғалімдер қауымы және жеке бір мұғалім үшін үлкен сынақ екен.

Дегенмен, мен осы екі сабақты бірлесе жоспарлаған кезінде көп нәрсе үйрендім. Күнделікті жұмыс барысында әр мұғалім өз «сорпасында» пісіп, қайнап жатады. Әрбіреуміз бір пенде болғандықтан, табиғи болмысымыз алуан түрлі. Бір адамның қолынан келетін, керісінше басқа адманың қолынан келе бермейтін қасиеттер бар емес пе? Күнделікті көзге үйреншікті мәселелерге де аса мән бере қоймайтың жағдайларды ескере бастайсын.

Мысалы: Бірінші сабағымнан кейін С оқушыға топтық емес, жеке оңайлатылған (деңгейлік) тапсырмалар көбірек дайындау керек екенін аңғардым. Сабаққа қатысқан облыстық трененеріміз бағалау парақшалары туралы «Сіздің бағалау критерийлеріңіз жақсы, бірақ дескриптрлар ескерілмеген» деген ұсыныс жасаған еді. Бұл мәселеге көбірек назар аударып, бағалау туралы дерек көздерімен танысып, ретке келтіре бастадым.

Екінші сабақты жоспарлауда әріптестеріммен сабақты қорытындылау шеберлігін, сабақ соңында бір «продукт» шығуы керек екенін түсіндім. Сол сабақты талдауда жоғары бағалағанмен, өзім үшін келесі жолы ескерілетің көп жаңа идеялар туындай бастады. Әсіресе Блум Таксономиясы бойынша сұрақ қою өнері тақырыбы коучингте талқыланған соң өзімнің коммуникативтік оқыту технологиясын жүзеге асыру жолдарын таптым деп айтуға болады. Сабақ барысында диалог арқылы оқыту дегенді тереңірек түсінген сияқтымын.

«Оқу- инемен құдық қазғандай» деген халық даналығының тағы бір дәлелі.

Педагогикалық шеберлікті меңгеру процесіне неғұрлым үңіле берсе, соғұрлым тереңдей түседі екен.



Ойымды қорыта келе Lesson study экспериментінің пайдасы мол, ұстаздар қауымының өзін- өзі реттеуі, шыңдау үшін бірде-бір қайнар көзі деп ойлаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 058c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
058c -> Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру
058c -> Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты кодтау Сабақтың мақсат-міндеттері а білімділік
058c -> Сабақ Пәні Физика, 10 сынып, жаратылыстану математикалық бағыт. Панорамалық сабақ -сабақ интерактивтік тақтамен өткізілді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет