Сабақ Тақырыбы: «Нан туралы өлең»



бет2/3
Дата08.12.2016
өлшемі0,68 Mb.
#3471
түріСабақ
1   2   3

Шығармалары: «Жазушы», 1972; Көктем келді, алақай. «Жалын», 1977; Ақшақар. 1980; Балқантаудың басында. 1982; Үлкендерден үлгі аламыз. 1983; Үшқара оттары. 1985;
2.«Нан туралы өлең»

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

  • Бір шумақтан тізбектеп оқыту.

«Нан туралы өлең» Кәрім Сауғабаев

О, адамдар, айтарым бар,

... Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар,

Әлі ешкім жазбаған дастан бар.

Өтініп сұраймын,

Ана бол, дана бол, бала бол,

Нанды баспаңдар!
Ол биіктен төгілген

Мөп-мөлдір

Зәмзәм суынан өседі,

Нан – өмір.

Нанға «пірім» деп,

Нанға «жарым» деп,

Табынам.

Даланың арынан,

Даланың таңынан,

Даланың жанынан,

Даланың қанынан

Өседі.
Нанға үлкен жүрекпен

Қараңдар!

Нанды өмір деп санаңдар.

Нан болмаса,

Қызығың, бақытың

Құр әуре, далбаса.

... Нансыз тыныштық та болмайды,

Көкіректі мұң,

Жерді шаң торлайды.

Екі ел бірін-бірі жалмайды.

Елімнің құдіретін асырып тұрған,

Менің де, сенің де, оның да

Мерейін үстем ғып тұрған

Дән емес пе?

Дән – ән емес пе,

Дән – нәр емес пе?

Дән – нәресте,

Дән – тіршілік тоқтамайтын...
О, адамдар!

Тіршілік арнасын сақтаңдар.

Диқанның еңбегін

Тер төгіп ақтаңдар.

Әр дәнді жоғалтпай,

Өмірдей сақтаңдар!


О, адамдар! Кең пейілдер!

Бір дән жолда жатса,



Ұлылықпен еңкейіңдер!




«ҚОЛДАНУ»

ІІ.«Элеватор» тапсырмасы: (8-слайд) ( 5 минут)




1.Сұрақтар:

- Осы өлеңдегі негізгі ой не?

- Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?

- Нанның қандай пайдасы бар?


2.Сөздіктермен жұмыс:

Зәмзәмсу- «Әлемдегі ең жақсы су – зәмзәм суы. Оның жағымды дәмі бар, әрі ауруларға ем»

Пірім – пір деген сөздің сөздіктегі мағынасы ақсақал, қарт кісі деген мағынаны білдіреді.

Далбаса –құр, босқа, т.б


«ТАЛДАУ»

ІІІ. «Диірмен» тапсырмасы: (9-слайд) (3 минут)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет