Сабақ Тақырыбы : «Көктем келді»



Дата08.09.2017
өлшемі97,59 Kb.
#30342
түріСабақ
Жалпы білім беретін №32 орта мектеп


Ашық сабақ
Тақырыбы : «Көктем келді»

2 «г» сынып

Бастауыш сынып мұғалімі :

Табынбаева Ақтоты Жанабаевна


Атырау 2017

Сабақтың тақырыбы: Көктем келді. М. Әлімбай
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Көктем келді» өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру, өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, талдау, салыстыру, өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту, жүйелі мәнерлеп сөйлей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, бірін - бірі сыйлауға, табиғатты сүйіп, аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Cұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау, тірек сызба
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, ақындардың портреті, тірек сызба, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, музыка
Күтілетін болжам: Жаңа сабақты меңгереді, М.Жаманбалинов, М. Әлімбайдың өмірбаянымен танысады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, самал жел!

Амансың ба, айдын көл!

Сендерге арнап ән саламын

Қуанышпен қарсы аламын.
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
Міне, балалар біз бүгін өзіміздің біліміміз бен біліктілігімізді көрсету үшін сыныпты үш топқа бөліп отырмыз.                                    

1) «Бәйшешек»
2) «Жауқазын»
3) «Қызғалдақ»
ІІ – слайд

Әр топ өз аттарын 1 шумақ өлеңмен қорғайды.

1 - топ. Бәйшешек.
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.

2 - топ. Жауқазын.
Жасыл дөңге, көк белге,
Жаңбыр төгіп өткенде,
Жауқазындар бүр жарып
Құлпырады көктемде.
3 - топ. Қызғалдақ.
Ақ жаңбырға шомылып,

Туған жердің алабы,
Қызғалдаққа көміліп,
Көздің жауын алады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ – слайд
Әр топтан 1 оқушыға Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
– Өлеңнің мазмұны кім жайында? - Өлеңнің мазмұны атай жайында.
– Өлеңдегі негізгі ой не? - Негізгі ой атайдың еңбекқорлығы, әңгімешілдігі жайлы.
– Өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылады? - Жылдың көктем мезгілі жайлы.
ІІІ. Жаңа сабақ:

ІV – V слайд

Жұмбақ жасыру:

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан



Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)

VІ, VІІ, VІІІ, ІХ – слайд
Сөзжұмбақ шешу.
- Мына суреттердің бірінші әрпін алып сөз құрасаңдар, бүгін танысатын өлеңнің аты шығады.

К – көбелек К – көкек
Ө – өрмекші Е – елік
К – көгершін Л – лақ
Т – түлкі Д – дуадақ
Е – ешкі І – ірімшік
М – мысық
Х – слайд

Сөзжұмбақтың шешуі: Көктем келді
ХІ – слайд

Тест тапсырмасы (ауызша орындау)

Видео ролик

ХІІ – слайд

- Бүгін Мүбарак Жаманбалинов пен Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдерімен танысамыз.
а) Автормен таныстыру:
Мүбәрак Жаманбалинов – 1924 жылы Павлодар облысының Железинка ауданындағы Тәттімбет деген ауылда туған балалар ақыны.
ХІІІ – слайд
ә) Өлеңді әр топқа мәнерлеп оқыту.
І топ – Өлеңді жазған кім?
ІІ топ – Өлең жылдың қай мезгілі жайлы?
ІІІ топ – Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?
ХІV – слайд
- Келесі танысатын өлеңіміз Мұзафар Әлімбайдың «Көктем келді» өлеңі.
а) Автормен таныстыру:
Мұзафар Әлімбай – 1923жылы 29 қазанда Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған жазушы, ақын. 300 өлеңіне ән жазылған. Өлеңдері 38 тілге аударылған.

Жыл мезгілдері туралы сұрау.

ХV, ХVІ, ХVІІ, ХVІІІ, ХІХ – слайд

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу.
б) Әр шумақты жеке - жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.
в) Өлеңді әр топқа дауыстап оқыту.
г) Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау:

ХХ – слайд
Күннің жадын жазу.

ХХІ – слайд

1 - тапсырма. Көктем белгілері:
І топ. Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.
ІІ топ. Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
ІІІ топ. Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді. Жердің беті кілем төсегендей құлпырады.
Топқа тапсырмалар:

ХХІІ, ХХІІІ, ХХІV – слайдтар

І – топ Көктемде қандай мерекелер бар?

ІІ – топ Көктемде қандай өзгерістер болады?

ІІІ – топ Көктемде жылы жақтан ұшып келетін құстарды жаз.

ХХV – слайд

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдік, төменге қарап жер көрдік
Оңға, солға бұрылып, егеменді ел көрдік.
Бір, екі, үш, бойға жинап күш!
Айтқан тілді аламыз, біз бақытты баламыз!
ХХ – слайд
Топтық тапсырма:
І топ. « Көктем келді» тақырыбына әңгіме жазу.
ІІ топ. М.Әлімбайдың бір шумақ өлеңін жаз.
ІІІ топ. «Көктем» тақырыбына сурет салу.
ІҮ. Сабақты бекіту:

Семантикалық карта(интерактивті тақтамен жұмыс ) Слайдта кесте жасалады.Оқушылар авторларға  қатысты шығармаларды тауып  «+» таңбасын қояды.



ХХVІІ – слайд Екі өлеңді салыстыру.

М.Жаманбалинов.

Көктем келді



Ұқсастығы

М.Әлімбай.

Көктем келді











ХХVІІІ – слайд

Семантикалық карта

Атауы

Ғылым таппай мақтанба

Ұшқан ұя

Салақтық

Даңғой

Атай

Жылу

Абай Құнанбаев        




 

 

 

 

 

Әнуарбек Дүйсенбиев      



















Есентай Ерботин 



















Ыбырай Алтынсарин



















Бауыржан Момышұлы



















Фариза Оңғарсынова




















ХХІХ – слайд

І топ. М. Әлімбаевтың 1 өлеңін жатқа айту.
ІІ топ. Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңін жатқа айту.
ІІІ топ. Қазақтың Жаңа жылы қашан тойланады? Наурыз көже қалай жасалады?

Ү. Үйге тапсырма:
М. Жаманбалинов пен М. Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту.
Бағалау.

Ауа қандай, дала қандай әдемі,


Көктем, көктем болармысың кәделі.
Сенің мынау ұланғайыр сыйыңнан,
Туған жердің жасаруда бедері. дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Ән : «Көктем келді» хор мен орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет