Оқушыларды Нұрқасым Қазыбековтің Наурыз көже атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету,оқиғадағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау,қазақ халқының ұлттық тағамы наурыз көже туралы түсініктерін кеңейту,байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сілтеме:
Жалпы білім беретін мектептің 2- сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы Алматы «Атамұра» 2013
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Наурыз көжеге қосылатын дәм түрлерімен танысады, үйренеді. Мәтіндегі негізгі идеяны түсінеді, салт-дәстүрмен танысады, өмірге деген қызығушылығы артады, есте сақтау қабілеттері,шығармашылық ойлауы дамиды.
Негізгі идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы диалогтік оқыту жүзеге асады. Өз ойын еркін айтуға төселеді. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланады. Өз бетімен білімді меңгереді.
Сабақта қолданылатын материалдар:
1. А -3, А -4 парақтары. 2. Маркерлер, қарындаштар.3. Оқулық. 4. АКТ.
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер, СТО «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы, «Ассосация»стратегиясы, «Семантикалық карта» стратегиясы,АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Дерек көздері:
2- сынып әдебиеттік оқу . Ғаламтор мәліметтері
Тапсырмалар:
Топтастыру,өзара оқыту,
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру
10 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
А) Психологиялық дайындық. 2 минут
1. «Ынтымақтастық атмосферасын» қалыптастыру.
Балалар терезеге қарайықшы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Күн сәулесінің жылуын бойымызға сіңіріп, бір-бірімізге жылу сыйлайық.
2. Ұлттық тағамдар арқылы топқа бөледі.
1.Оқушылар дос болу жаттығуларын орындайды.
2. Бір- біріне күлімсірейді.
Топтарға бөлінеді.
Ә) Өткен сабақты еске түсіру.
5 минут
-Ұзынсары Қабдеш Жұмаділов, мазмұнын әңгімелеу.
-Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Бала неге ойынды тастай жүгірді?
2. Мәтінде қандай тағам түрі
аталған? Шұжық қалай дайындалады?
3. Тошала,атағаш сөздерін қалай түсінесіңдер?
4. Қазақтың басқа қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?
Жеке жұмыс
-Мәтінді әңгімелеп,сұрақтарға жауап береді.
Б) Сыныптың білім деңгейін анықтау.
Тек наурызда ғана пісірілетін тағам түрін ата.
Өз түсініктерін айтады.
ІІ. Тұсау кесер. 5 минут Жаңа сабақ тақырыбын ашу.
Қызығушылығын ояту. 5 минут
Наурыз туралы суреттер арқылы жаңа сабақты ашады.
Сұрақтарға жауап береді.
Наурыз туралы білетіндерін топтастырады.
ІІІ. Жаңа тақырып. Нег. бөлім. 20 мин.
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті.
Мағынаны ашу.
Ой қозғау.
1. Кіріспе.Нұрқасым Қазыбеков ҚХР Іле Қазақ автономиялық облысы, Текес ауданында туған. Жазушы.
2. Сергіту сәті.
3. Дәптермен жұмыс. Күн жады, автор, тақырыпты жазу.
3.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып беремін. Мәтінді 4 топқа бөлемін. Өздері оқиды. Әр топтан бір оқушы
постер қорғайды
1-топ. Наурыз сөзінің мағынасы.
2-топ.Наурыздағы тілектер.
3-топ. Наурыз тойының мақсаты
4-топ. Наурыз көженің құрамы
Зейіндерін шоғырландырады, тыңдайды.
Сергіту сәтінде қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.