Сабақ тақырыбы Не себепті «Елім ай» бүкілхалықтық әнге айналды?



Дата23.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#25237
түріСабақ
Кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A Отан соғысы

(Қазақстан тарихы, Қазақ тілі)

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Күні: 08. 09. 2016ж

Мұғалімнің аты-жөндері:

Тарих пәні мұғалімі

Сүлейменова Гүлжамила Марқабайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжаева Ботакөз Жүнісқызы


Сынып: 8 С

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Не себепті «Елім ай» бүкілхалықтық әнге айналды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау

8.4.1.1 жоңғар шапқыншылығының шаруашылыққа тигізген зардаптарын анықтау

АИЗ Шығарманы құрылысына талдап, көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтау


Сабақ мақсаттары

8.1.1.1 жоңғар шапқыншылығы кезіндегі демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру

8.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларын тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау



Жетістік критерийлері

Білу және түсіну: «Елім-ай» әнінің халықтың қиын жағдайын бейнелейтіндігін көрсететін кемінде 2 ақпаратты анықтайды.

Қолдану әдісі: Шығарманы құрылысына қарай талдай алады, көркемдегіш құралдарды тиімді пайдалана алады.

Зерттеу дағдысы: «Елім-ай» әнінде айтылатын оқиғаларға қатысты қосымша 2 ақпарат тауып, зерттейді.



Тілдік мақсаттар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жоңғар шапқыншылығының себептері...

Шығарманың құрылымына қарай талдату.

"Елім - ай" әнін тыңдап, қазақ халқының бейнесін ашатын сөздерді жаздыру.



Құндылықтарды дарыту

Құндылықтар:

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік


Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәнімен кіріктірілген сабақ

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақт қолданылады.

Бастапқы білім

Жоңғар хандығының құрылу тарихы (7 сынып материалдарын қайталау)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

15 минут


15 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, жағымды ахуал қалыптастыру.

Тарих пәні

«Елім-ай» әуенін тыңдайды.

Оқушыларға тыңдалым бойынша талқылау сұрақтарын қою.



  • Әуеннен қандай әсер алдыңыз?

  • Әуен сізді қандай ойға жетеледі?

  • Қожаберген жырау «Елім ай» әні арқылы қандай оқиғаны сипаттағысы келді?

Оқушылар сабақ тақырыбын болжайды.
Қазақ тілі

Тыңдалым

«Елім-ай» әуенін 2-рет тыңдатып, соған сәйкес төмендегі тапсырмаларды орындату.

ТЖ

1.Шығарманы құрылымына қарай талдаңыздар

(шығарманың басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі)

ЖЖ.

2. "Елім - ай" әнін тыңдап, қазақ халқының бейнесін ашатын сөздерді жазыңыздар. (көркемдеуіш құралдар- эпитет, теңеу, метафора, кейіптеу)
Тарих

М, ТЖ. Зерттеу сұрақтары негізінде топтар зерттеу жүргізеді.

1.«Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» тіркесі қандай мағына береді?

2. Жоңғар шапқыншылығының себеп пен салдарларлары қандай?

3. Жоңғар шапқыншылығының барысында қандай шешуші шайқастар орын алды?

4. Қандай деректер бұл шапқыншылық туралы мәлімет береді?

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

http://e-history.kz/kz/contents/view/762
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. – Алматы, 2010.
Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. 8 сынып. Қазақстан тарихы., Атамұра, 2012.
Қабылдинов З.Е. 8 сынып. Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Атамұра, 2012.
Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 67 б.


Сабақтың ортасы

20 минут



Зерттеу мен талдау

Т СББР бейнематериалын көрсетіп, топтарға талдау жасату.

1-топ: XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын анықтау.

(ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандықтың елдегі билікке таласуы, көрші мемлекеттердің қазақ жеріне көз салуы, олардан төнген қауіп, қай елдермен қандай мақсатта қарым-қатынас орнатқандығын анықтайды)



2-топ: Қазақ руларының миграция үдерісі себептері мен бағыттарын анықтау.

(ХVІІІ ғасырдағы Қазақ руларының миграция, көші-қон себептерін анықтайды, маңыздылығына қарай рет-ретімен пирамидаға орналастырып, болжай отырып сипаттама береді)



3-топ: Жоңғар шапқыншылығының шаруашылыққа тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістерді талдау.

(Жоңғар шапқыншыншылығының шаруашылыққа, мәдениетке, демографияға әкелген зардаптарын анықтайды. Зардаптарды маңыздылығына қарай рет-ретімен орналастырып сипаттама жасайды).






Сабақтың соңы

15 минут

5 минут

Интерпретация

Б/Т В.А. Моисеев деректерінен үзінді ұсынып, төменде берілген үлгі бойынша дерекпен жұмыс жасау.

-деректің түрі, маңыздылығы

- авторы


-дерек қай кезеңді баяндайды

-автор көзқарасын анықтаңыз

-дерекке 2 жуан,1 жіңішке сұрақ құрастырыңыз.

Топтар бір-бірімен тапсырмаларын ауыстырып, сұрақтарға жауап береді.
Б/Т Әр топтың « Не себепті «Елім – ай» бүкілхалықтық әнге айналды?» деген сұраққа жауаптарын тыңдап, оқушылардың жауабын негізге ала отырып, қорытындылау.

Кері байланыс: "Екі жұлдыз, бір тілек"




Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы











Сабақ бойынша рефлексия



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Елім-ай» әнінде айтылатын оқиғаларға қатысты қосымша 2 ақпарат тауып, зерттеді.
2: Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларын тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалады.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқушылардың белсенділігі,
2: материалдардың сапалылығы.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Берілген тапсырмаларды оқушының түсінісіп жасағаны, топ және жұп жұмыстары, жеке жұмыстар жетістіктерге және бірін бірі оқыту арқылы толықтырып отыруы жақсы болды, кемшіліктері уақытты үнемдей алмауымыз.

С.К.Турлыбекова

А.Қ.Қуандықова



Тарих, Қазақ тілі ӘБ жетекшілері

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет