Сабақ тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
|
Мектеп «Тоқсансай» жалпы орта мектебі
|
Пәні: алгебра
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Қойлан Г
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып есептер шығаруға үйрену
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер формулаларын біледі
|
Оқушылардың басым бөлігі: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктердің шығу жолын біледі.
|
Кейбір оқушылар: Бір тригонометриялық функцияның мәні бойынша қалғандарының мәнін таба алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолданып есептер шығара аламын
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Тригонометрия, тепе-теңдік
|
Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер формулаларын білесіңдер ме?
|
Алдыңғы тақырып
|
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
5 мин
|
Ширату сәті. «Атомдар мен молекулалар» жаттығуы.
Мұрат анасы екеуі туған күндерін бір күнде тойлайды. Бүгін анасының жасы ұлының жасынан 11 есе үлкен. Бірақ 6 жыл өткен соң, анасының жасы одан 5 есе үлкен болады. Ал бүгіннен бастап 16 жылдан кейін 3есе үлкен болады. Бүгіннен бастап 36 жыл өткенде, анасының жасы одан 2есе үлкен болады. Бүгін Мұрат нешеге толып жатыр?
A) 3 B) 2 C) 5 D) 4 E) 1
|
|
Ортасы
30 мин
|
«Ыстық орындық» әдісі анықталған тригонометриялық функциялар тақырыбына сұрақтар арқылы қайталау
Анықтама: Тригонометриялық функциялар.
В нүктесінің ординатасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының синусы деп аталады.
В нүктесінің абсциссасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының косинусы деп аталады.
В нүктесінің ординатасының абсциссаға қатынасы α бұрышының тангенсі деп аталады.
В нүктесінің абсциссасының ординатаға қатынасы α бұрышының котангенсі деп аталады.
Белгіленуі, оқылуы.
sin〖α= y/R〗; cos〖α= X/R〗; tg〖α= y/x〗 ; 〖ctg=〗〖x/y〗;
sin=синус,cos=косинус,tg=тангенс,ctg=котангенс
Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдері?
1 радиан неше градусқа тең?
Тригонометриялық функцияның ішінде қайсысы жұп?
Қосымша қандай формула білеміз?
10 неше радианға тең?
cos600 мәні неге тең?
sin〖(-α〗) қандай функция?
tg неге тең?
tg(-α) формуласы қандай функция?
ctgП/4 мәні қандай?
Қасиеті:
sinα I және II ширекте+
III және IV ширекте-
сosα I және IV ширекте+
II және III ширекте-
tgα ctgα I және III ширекте+
II және IV ширекте-
Негізгі тригонометриялық тепе – теңдіктер.
|