№2 сабақ
1. Тақырыбы: Нәруыздардың жіктелуі. Күрделі нәруыздар.
2. Мақсаты:
1. ағзаның қалыпты тіршілік етуіндегі нәруыздардың рөлін түсіну;
2. күрделі нәруыздардың негізгі өкілдерімен танысу;
3. күрделі нәруыздардың қызметі, құрылысы, қасиеті туралы
білім алу.
3. Оқыту мақсаты:
студенттерді нәруыздардың құрылымдық белгілеріне қарай жіктелуімен
таныстыру;
жай нәруыздардың құрылысы, қызметі және құрамы туралы түсінік беру;
күрделі нәруыздардың құрамындағы көмірсу, нуклеин қышқылдарының,
порфирин компоненттерін анықтай білуді үйрету
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Нәруыздардың жіктелуі: құрылыстық белгілері мен қызметіне қарай.
Жай нәруыздардың жіктелуі (гистондар, протоминдер, проламиндер, глютеминдер, альбуминдер, глобулиндер, протеноидтар).
Хромпротеиндер: өкілдеріне сипаттама, ферменттік және ферменттік емес гемпротеиндер (гемоглобин) миоглобин, каталаза және т.б.
Гликопротеиндер: құрылысы, ағзадағы қызметі. Протеогликандар.
Липопротеиндер: құрылысы, қызметі. Қан плазмасының липопротеиндері(ТЖЛП, ТТЛП, ТӨТЛП, хиломикрондар).
Металлпротеиндер: құрылысы,қызметі, өкілдеріне сипаттама (ферритин, трансферрин, гемосидерин).
Фосфопротеиндер: өкілдеріне сипаттама және олардың биологиялық рөлі.
Нуклеопротеиндер: ДНП және РНП сипаттама, олардың биологиялық рөлі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Семинар, тестілеу.
6. Әдебиет
Қазақ тілінде
негізгі:
1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.
2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж
3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.
4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.
қосымша:
1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011
Орыс тілінде
негізгі:
1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.
3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011
4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,
5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007
қосымша:
1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008
2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007
3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов ,
под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 2011
Ағылшын тілінде
1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.
3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995.
7. Бақылау: тест сұрақтары
1. Күрделі нәруыздардың азотсыз бөлігі қалай аталады?
а) апофермент
б) кофермент
в) кофактор
г) простетикалық топ
д) холофермент
2. Гликопротеидтердің простетикалық тобын көрсетіңіз:
а) нуклеин қышқылы
б) глюкозамингликан
в) липид
г) көмірсу компоненті
д) ақуыз
Фосфопротеид молекуласында фосфор қышқылы ненің қалдығына жалғасады.
а) құрамында күкірті бар аминқышқылына
б) циклді аминқышқылына
в) аминді аминқышқылына
г) ароматты аминқышқылына
д) оксиаминқышқылдарына
Виталин нәруызының құрамына аминқышқылдардың қалдығымен бірге кіретін зат.
а) ДНҚ
б) РНҚ
в) гем
г) витаминдер
д) фосфор қышқылының қалдығы.
Гемоглобин мен миоглобиннің айырмашылығы.
а) гемнің әртүрлі саны мен бірдей полипептидті тізбектен тұрады.
б) гемнің әртүрлі саны мен әртүрлі полипептидті тізбектен тұрады
в) гемнің бірдей санынан әртүрлі полипептидті тізбектен тұрады
г) бірдей полипептидті тізбектен және гемнен тұрады, бірақ гемнің
құрылысы әртүрлі.
д) бірдей гемнен және полипептидті тізбектен тұрады.
Гемоглобин молекуласын құрайтын тізбек.
а) 4 гем және 4 полипептидті тізбек
б) 1 гем және 4 полипептидті тізбек
в) 1 гем және 1 полипептидті тізбек
г) 4 гем және 1 полипептидті тізбек
д) 1 гем және 2 полипептидті тізбек
7 Миоглобин молекуласын құрайтын тізбек
а) витамин В12 және жай ақуыз
б) 2 гем және 2 полипептидті тізбек
в) 1 гем және 1 полипептидті тізбек
г) 4 гем және 4 полипептидті тізбек
д) 1 гем және В12 полипептидті тізбек
Казеиноген қай класқа жатады
а) хромопротеин б) гликопротеин
в) фосфопротеин г) липопротеин
д) металлопротеин
Протеогликандар проценттік құрамы
а) 50% нәруыз және 50% нәруыз емес
б) 20%-80%
в) 80%-20%
г) 40%-20%
д) 70%-30%
Гликопротеинтер проценттік құрамы:
а) 50% нәруыз және 50% нәруыз емес
б) 20%-80%
в) 80%-20%
г) 40%-20%
д) 70%-30%
Хиломикрондар қай класқа жатады.
а) хромопротеид б) липопротеид
в) гликопротеид
г) фосфопротеид
д) металлопротеид
Гиалурон қышқылы қай класқа жатады
а) глюкозоамингликан
б) нуклеопротеид
в) фосфопротеид
г) липопротеид
д) металлопротеид
13. Гистондар ненің құрамына кіреді.
а) глюкозоамингликан
б) нуклеопротеид
в) фосфопротеид
г) липопротеид
д) металлопротеид
Жай ақуыздарға жатпайды
а) альбумин б) глобулин в) гистон
г) протамин д) гемоглобин
№ 3 сабақ
Зертханалық жұмыс
Қан мен зәрдегі жалпы белок мөлшерін анықтау.
Жалпы белок-витал
Жұмыстың негізі: Белок мыс ионымен, сілтілі ортада комплекс түзеді.
540нм толқындықта бояу интенсивтілігі пробадағы жалпы белоктың концентрациясына тура пропорционалды.
Қажетті құрал-жабдықтар
Фотометр, жартылай автоматы немесе автоматты анализатор, толқын ұзындығы-540 (520-560) нм.
Бір реттік ұштары бар, ауыстырылатын дозаторлар.
Бидистилденген немесе деионданған (ионданбаған) су.
Физиологиялық ерітінді.
Белгілі бір жалпы белогы бар бақылау материалдары, берілген әдіспен аттестатталған.
Анализге дайындық
Жұмыс реагентін дайындау: №1 реагенттің қажетті бөлігін араластыру немесе ионданбаған сумен 5есе араластырады (№1 реагенттің бір бөлігін +судың 4 бөлігін).
Калибратор: қолдануға дайын.
Әрбір реагенттер сериясына калибровка жасау қажет, жаңа жұмысшы реагентін дайындағанда және жұмысшы реагентті ұзақ сақтағанда.
Зерттелетін материал (Үлгі).
Жаңа қан сары суы немесе плазма (гепарин немесе ЭДТА)-гемализдің ізінсіз эритроциттерден 1сағат ішінде бөліп алу керек. Үлгі 1ай шамасында тұрақты, 200С-та не 2-80С үш күн аралығында гемолизденген немесе хилезді үлгілерді анализ үшін пайдаланбау қажет.
Анализдің жасалынуы.
Толқын ұзындығы: 540нм (520-560)нм.
Оптикалық жолдың ұзындығы: 1см (5мм).
Инкубация температурасы: бөлме температурасы (18-250С) немесе 370С.
Фотометрлеу: жеке пробаға қарсы.
Пробиркаға ендіру керек
|
Тәжірибелік проба
|
Калибрлік проба
|
Жеке проба
|
Жұмыс реагенті
|
5,0мл
|
5,0мл
|
5,0мл
|
Үлгі
|
0,1мл
|
-
|
-
|
Калибратор
|
-
|
0,1мл
|
-
|
Су бидистиллденген
|
-
|
-
|
0,1мл
|
Пробаларды тыңғылықты арластырыңыз, 30мин 18-250 С-та инкубациялайды және оптикалық тығыздықты тәжірибелік пробаның және калибрлік (Ек) жеке пробаға қарсы өлшейді.
Бояу 30минуттай тұрақты, инкубациядан кейін, күннің сәулесінің тікелей түсуінен сақтаған.
Есептеулер
Үлгідегі жалпы белоктың (С) концентрациясын мына формула бойынша анықтау:
С=Еоn/ Eк х 70
Еоn – тәжірибелік пробаның оптикалық тығыздығы
Eк – калибратордың оптикалық тығыздығы
70г/л- калибратордағы жалпы белоктың концентрациясы.
Калыпты өлшемдер
65-85г/л
Бұл мөлшерлер бағдарлаушы болып келеді. Әрбір зертханада қалыпты мөлшерлердің көрсеткіштер диапозаның дәлдеп отыру қажет.
№ 4 сабақ
1. Тақырыбы: Ферменттердің құрылысы мен әсер ету механизмдері. Ферменттік реакциялардың кинетикасы.
2. Мақсаты:
Ферменттік катализдің ерекшеліктері туралы білімді меңгеру;
Ферменттік реакция кинетикасын оқып үйрену.
3. Оқыту мақсаты:
Студенттерге термодинамика заңдарын және катализ теориясының негізгі жағдайын еске түсіру;
Студенттерді нәруыздардың құрылысы мен қасиеті туралы білімді ферменттердің қасиеттерін түсіндіру үшін пайдалануға үйрету;
Ферменттердің әсер ету механизмдерін түсіндіру;
Фермент активтілігіне температураның және рН-тың әсерін сілекей амилазасы мысалында түсіндіру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Ферменттер. Ферменттік және ферменттік емес катализаторлардың ұқсасатығы мен айырмашылығы.
Ферменттердің құрылыстық және функционалдық ұйымдастыруы. Апофермент, кофактор. Мультиферменттік комплекс.
Ферменттердің активтілігінің бірліктері мен анықтау әдістері.
Ферменттердің әсер ету механизмі.
Ферменттік реакциялардың кинетикасы.
Ферменттердің талғампаздығы. Фишер және Кошленд гипотезасы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Семинар, тестілеу
6. Әдебиет:
Қазақ тілінде
негізгі:
1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.
2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж
3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.
4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.
қосымша:
1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011
Орыс тілінде
негізгі:
1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.
3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011
4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,
5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007
қосымша:
1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008
2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007
3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов ,
под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 2011
Ағылшын тілінде
1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.
3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995.
7. Бақылау:
Тест тапсырмалары.
1. Ферменттерді класстарға бөлу неге негізделген
а) субстраттың құрылысына
б) реакция өнімдерінің құрылысына
в) апофермент құрылысына
г) кофермент құрылысына
д) катализдейтін реакция түріне .
2. Табиғаты нәруыз (1) және нәруыз емес (2) катализаторлардың айырмашылықтары:
а) реакция бағытын өзгертеді
б) реакция кезінде ыдырап кетеді
в) реакция кезінде ыдырамайды
г) жоғары талғампаздың әсерге ие
д) реакция бағытын өзгертпейді
Екі компонентті ферменттің активті түрі қалай аталады:
а) апофермент
б) кофермент
в) кофактор
г) холофермент
д) апофермент
Кофактор болып табылмайды:
а) витамин
б) нуклеотидтер
в) метал иондары
г) гем
д) амин қышқылдары
Қайсы кофермент митохондрияның цитохромды жүйесінде кездеседі.
а) НАДФ
б) НАД
в) гем
г) ФАД
д) ФМК
НАДФ коферменті қайсы реакцияға қатысады.
а) карбоксилдену
б) трансаминдену
в) декарбоксилдену
г) ацилдену
д) сутекті тасымалдау
7. Қайсы коферменттің құрамына металл кіреді
а) Кобаламид
б) НАД
в) ФАД
г) ФМН
д) НАДФ
Тыныс алу ферменті қай классқа жатады
а) гидролаза
б) трансфераза
в) оксидоредуктаза
г) лигаза
д) изомераза
Қайсы фермент абсолютті талғампаздыққа ие
а) липаза
б) аргиназа
в) пепсин
г) трипсин
д) фосфолипаза
Изоферменттің ұқсастық негізіне не жатады?
а) молекулалық масса
б) таралуы
в) біріншілік құрылым
г) катализдейтін реакция түрі
д) тежелу түрлері
11.Ферменттер қандай жолмен реакцияны жылдамдатады.
а) энергиялық алмасуды төмендету арқылы
б) энергия активтілігін жоғарлату арқылы
в) энергия активтілігін жоғарлату, тосқауылды төмендету арқылы
г) тосқауылды және эннргия активтілігін жоғарлату арқылы
д) тосқауылды және энергия активтілігін төмендету арқылы
Екі компонентті ферменттер қай жерде синтезделінеді.
а) агрунулярлы ЭПТ
б) рибосомада
в) гранулярлы ЭПТ
г) цитоплазмада
д) Гольджи комплексінде
№ 5 сабақ
1. Тақырыбы: Ферменттердің жіктелуі мен жүйелілігі. Коферменттер. Ферменттер активтілігінің реттелуі. Ферменттердің медицинадағы қолданылуы.
2. Мақсаты:
1. Катализденетін реакция түрлері туралы білім білім алу;
2. Ферменттік реакциялардағы кофакторлардың құрылыс мен рөлі және
ферменттердің белсенділігінің реттелу механизмдері туралы білімді
меңгеру;
3. Энзимопатия және энзимодиагностика негіздерімен танысу.
3. Оқыту мақсаты:
Студенттерде ферменттердің класстары мен жүйелілігі туралы білімді қалыптастыру;
Студенттерді мультиферменттік комплекстердің қызметімен таныстыру;
Ферменттік реакциялардың белсенділігінің реттелуінің қағидаларымен таныстыру;
Студенттерді энзимопатия және энзимодиагностика негіздерімен
таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Ферменттердің жіктелуі және аталуы.
Оксидоредуктаза класы, биологиялық рөлі, негізгі өкілдерінің сипаттамасы (аэробты дегидрогеназа, анаэробты дегидрогеназа, монооксигеназа, цитохромдар, каталаза және т.б).
Трансфераза класы, биологиялық рөлі, негізгі өкілдерінің сипаттамасы.
Гидролаза класы, биологиялық рөлі, негізгі өкілдерінің сипаттамасы
Лиаза класы, биологиялық рөлі, негізгі өкілдерінің сипаттамасы.
Изомераза класы, биологиялық рөлі, негізгі өкілдерінің сипаттамасы.
Лигаза класы, биологиялық рөлі, негізгі өкілдерінің сипаттамасы.
Фермент кофакторы. Коферменттер, жіктелуі, биологиялық рөлі, құрылысы.
Ферменттердің активтілігінің реттелуі. Фермент ингибиторлары.
Изоферменттер. Энзимопатия
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Семинар, тестілеу.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде
негізгі:
1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.
2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж
3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.
4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.
қосымша:
1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011
Орыс тілінде
негізгі:
1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.
3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011
4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,
5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007
қосымша:
1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008
2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007
3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов ,
под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 2011
Ағылшын тілінде
1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.
3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995.
7. Бақылау: тест тапсырмалары
1. Ағзадағы ферменттердің әсер етуінің оптимальды ортасы.
а) күшті қышқылдық
б) күшті негіздік
в) бейтарап
г) рН 1-2 жоғары
д) рН 9-10 жоғары
2. Қышқылды ортада ферменттері активті болатын органоидты табыңыз:
а) лизосома
б) рибосома
в) митохондрия
г) ядро
д) Гольджи комплексі
Қайсы фермент термотұрақты.
а) пепсин
б) липаза
в) миокиназа
г) аргиназа
д) амилаза
Жүрек бұлшықетінде кездесетін негізгі ЛДГ көрсетіңіз:
а) ЛДГ1
б)ЛДГ2
в) ЛДГ3
г) ЛДГ4
д) ЛДГ5
Мультиферментке дұрыс анықтама беріңіз:
а) жоғары молекулалы протомер
б) жоғары молекулалы олигомер
в) изоферменттер тобы
г) коферменттер тобы
д) бір-бірімен байланысқан реакцияларды катализдейтін, ферменттер тобы.
6. Ферменттің активті орталығы қай жерде орналасқан
а) апоферменттік бөлігінде
б) кофакторлы бөлігінде
в) коферменттік бөлігінде
г) аллостерлік ортада
д) простетикалық топта
7. Ферменттің контактілі және каталиттік бөлігі қай жерде орналасқан
а) активті орталықта
б) аллостерлік орталықта
в) коферменттік бөлігінде
г) простетикалық бөлігінде
д) активті және аллостерлік орталықтан тыс
8. Оксидоредуктаза класының құрамындағы металл кофакторлы қызмет атқарғанда қандай қасиет көрсетеді?
а) ауыспалы валенттілік
б) тұрақты валенттілік
в) тұз түзеді
г) сілті түзеді
д) галогендермен байланысады
9. ЛДГ изоферментін қандай физика-химиялық қасиетімен айыруға болады?
а) молекулалық масса
б) активаторларға қатынасы
в) электрлік жылжығыштығы
г) ингибиторларға қатынасы
д) барлығы дұрыс
10. Қайсы фермент субстратқа абсолютты талғампаздық көрсетеді:
а) алкогольдегидрогеназа
б) карбоксипептидаза
в) уреаза
г) химотрипсин
д) цитохром Р450
11. Амин қышқылдарына айналу реакциясының барлығы қайсы коферменттің қатысуымен жүреді:
а) тиаминпирофосфат
б) пиридоксальфосфат
в) НАДФ
г) ФАД
д) тиаминмонофосфат
12. Көздің торлы қабатының ақуызды рецепторлы родопсиннің простетикалық тобы болып табылады.
а) рибофлавин
б) ретиналь
в) токоферол
г) филлохинон
д) кальцеферол
№ 6 сабақ
Зертханалық жұмыс
Қан сарысуындағы АсАТ каталитикалық белсенділігін
аминотрансфера анықтау.
Жұмыстың негізі:
L- аспарат+2-оксоглукорат АсАт оксалоацетат+ L – глутамат
Оксалоацетат+НАД(Н)+Н- Мд(Н) L-малат+НАД+
АсАТ каталитикалық белсендігі 340,334 или 365нм толқындарда оптикалық тығыздығының төмендеуіне тікелей пропорционалды.
Реактивтер:
1. ферметтер - НАД(Н), ЛД (Н)
2. стартер 2-оксоглуторат
3. буфер-субстрат
4. активатор (пиридоксал-5-фосфат)
Жұмысқа қажетті ерітінділерді дайындау
1.ерітінді. Бірінші реактиві 10,5мл үшінші реактивтерде ерітеді және 0,1 мл екінші ерітіндіні қосады.
2.ерітіндіні төртінші реактивті 1,5 мл дистилденген суда ерітеді.
Жұмыстың орындалуы
Толқын ұзындығы 340,334 және 365нм, кювета 1см, температура 37+0,1С
өлшеу
|
Тәжірибе
|
Бақылау ерітінді
|
1 ерітінді
|
1,0
|
1,0
|
Қан сарысуы
|
0,1
|
-
|
10мин 37 С термостатқа немесе су моншасына қосамыз.
10мин 37 С термостатқа немесе су моншасына қосамыз.
Фотоэлектроколориметрде (ФЭК) жұмыс істеу алдында, приборды 15 минутқа электр жүйесіне қосып қояды. Қажет толқын ұзындығын экраннан бұрап келтіреміз. Бірінші кюветаға дистилденген су, екіншісіне 1мл бақылау ерітіндісін құямыз. Дистилденген судың оптикалық тығыздығын «Установка 100» және «Установка 0» тетігін бұрау арқылы «0» санға келтіреміз. Сонан соң бақылау ерітіндісінің оптикалық тығыздығын өлшейміз. Бақылау ерітіндісінің оптикалық тығыздығын көрсетеді.
Тәжірибе ерітіндісін оптикалық тығыздығын үш рет өлшейміз, орташа оптикалық () 1мин тығыздығын табамыз.
АсАт (мккат/л) А1+А2+А3
3
Достарыңызбен бөлісу: |