Сабақ тақырыбы Нысандардың үш өлшемді модельдері



Дата24.06.2020
өлшемі0,7 Mb.
#74459
түріСабақ
Байланысты:
Байкенова М.Ж. 7 сынып КМЖ



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4А-тарау: Нысандар мен оқиғаларды модельдеу



Мектеп: №63 мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Байкенова Маншук Жангельдикызы


Күні:

Сынып: 7













Сабақ тақырыбы

Нысандардың үш өлшемді модельдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме)

7.3.1.1 нысандар мен оқиғалардың 3D моделін құру

Ойлау деңгейлерінің дағдалары

Білу, түсіну, қолдану

Сабақ мақсаты

SketchUp редакторында нысандардың 3D модельдерін құру

мүмкіндігі туралы қорытынды жасай алады және талдай алады.



Бағалау критерийі

  1. Модель және модельдеу негізгі түсініктерін біледі

  2. 3D редактордың негізгі элементтерін түсінеді

  3. 3D редакторда нысандарын пайдаланып модельді өңдеп әзірлейді.

Тілдік мақсаттар


3D редактор, модель, модельдеу, SketchUp бағдарламасы

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Құрастырылған модель … сәйкес келеді

  • Мен модельді … негізінде әзірледім

  • 3D модельді құрастыруда құрал-саймандарды .... тиімді қолдануға болады.

Модель – модель - model

Нысан – объект - object

Бағдарлама - программа - programm


Құндылықтарға

баулу


қарым-қатынас жасау қабілеті;

шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

академиялық адалдық


Пәнаралық

байланыстар



Орыс тілі, ағылшын, геометрия

Алдыңғы білім


Модельдер, 3D-модельдермен жұмыс жасау, Редакторға кіріктірілген нысандар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин




  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздар ме, құрметті оқушылар! Сабаққа дайынбыз ба? Менің дауысым жақсы естіліп тұрса, көрсетеміз. Оқушылар сұраққа жауап беру барысында белгішесіне басамыз. Мен қай оқушының есімін атаймын, сол оқушы жауап берсін. Келісеміз бе? Сіздерге видео сабақтың сілтемесі алдын-ала жіберілген. Барлықтарыңыз видеоны көрді деп ойлаймын. Ендеше сабағымызды бастайық.

1-тапсырма. Сұрақ- жауап әдісі (ПИЗА тапсырмасы).
1.3D модельдеу дегеніміз не?

2.3D модельдеуге арналған программаларды жазыңыз?

3.Үшөлшемді кеңістікте нүктенің қанша координатасы бар?

- Оң жақтағы берілген мәтінді мұқият оқи отырып, төменде берілген сұрақтардың жауабын табыңыз.


  • 3D модельдеу— бұл обьектінің үшөлшемді моделін құру процесі

  • Үшөлшемді бейнелерді модельдеу үшін бірнеше қадамдарды орындай білу қажет



  • Punch Home Design;

SketchUp(Google SketchUp);ArCon;

RealtimeLandscaping Plus;




3D модельдеу— бұл обьектінің үшөлшемді моделін құру процесі. 3D модельдеудің міндеті кез келген обьектінің көлемді бейнесін жасау

3D немесе үшөлшемді графика-компьютерлік графиканың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. 3D графиканың құралдарының жиынтығымен формасы мен түсі бар көлемді обьектілерді құруға болады. Жазықтықтағы үшөлшемді модельдер 3D графика көмегімен құрастырылады. Олар арнайы компьютерлік программалар арқылы орындалады. Қазіргі таңда мұндай программалар өте көп.

3 D редакторларға келесі программалар жатады:

Punch Home Design;

SketchUp(Google SketchUp);

ArCon;


RealtimeLandscaping Plus;

Tutbo Floorplan Landscape and Deck 12;

FloorPlan 3D 12;

Autocad;


3dsMax;

Sierra Land Designerb3D 7.0;

ArchiCad 17

3 D редактор – бұл үшөлшемді модельдеу, анимациялау және

Визуализациялауға арналған программалық орта
Үшөлшемді бейнелерді модельдеу үшін бірнеше қадамдарды орындай білу қажет


Бағалау критерийі:

1. Сұрақтың дұрыс нұсқасын анықтайды

Күтілетін нәтиже: Оқушылар 3D модельдеу ұғымымен танысып және ол қандай прораммалар арқылы жасалатынын қарастырады.

3. Сабақ тақырыбы: Нысандардың үш өлшемді модельдері

Бүгін сабақта үйренетініміз: Үшөлшемді объектілердің моделін құру жолдары


перезентация





Сабақ ортасы

20 мин



2- тапсырма. Математикалық сауаттылықты арттыру(ПИЗА тапсырмасы).

Қабырғалары 30 см және 40 см, бүйір қабырғасы-50 см болатын тікбұрышты параллелепипедті салудың дұрыс тізбегін көрсетіңіз.



а. Маратқа параллелепипед құруға көмектесіңіз.


b. Параллелепипед құрудың дұрыс әрекеттер тізбегін орнатыңыз.





Әрекет




жоғары тарту




төртбұршты қажетті жаққа созамыз




Бастапқы нүктені басу (төртбұрыштың бірінші бұрышы)




пернетақтадан «50cm» теру және «Enter» басу




пернетақтадан «30cm;40 cm» теру және «Enter» басу




«фигура» құралын таңдау, «Төртбұрыш» формасын таңдау




«басу/тарту» құралын таңдау




негізін басу


Бағалау критерийі:

1. Берілген есепті мұқият оқи отырып, тікбұрышты параллелепипедті салудың дұрыс тізбегін көрсетеді.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар берілген сан мәндерін пайдалана отырып, математикалық сауаттылық тұрғысынан қосымша зерделейді және Sketch up құрал-саймандарын қолданып

параллелепипед салады, көлемді фигураларды құрудың дұрыс тізбегін көрсетеді.



оқулық



Сабақтың соңы

9 мин


Қорытындылау

Бүгінгі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жинаған жетондар санына қарай барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткіземін, мадақтап өтемін



Рефлексия

«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы кері байланысты стикерге жазып баспалдаққа іледі.(кәдімгі сатының суреті салынған үлестірме материалын таратамын).

1- баспалдағы: Менің түсінбеген сұрақтарым _________
2 – баспалдағы: 
Мен ________________________ білемін
3 – баспалдағы: 
Мен ________________________ түсінемін
4 – баспалдағы: 
Мен _________________ қолдана аламын

Үй тапсырмасы: Оқулықтан 152 бет, Қолдану деңгейі. Компьютерде орындау. Егер компьютер болмаған жағдайда дәптерге сызбасын салу.

Үлестірме қағаз

Кері байланыс

1 мин


Маған қандай сұрақтар қоясыздар? Оқушылар оқулықтан, интернеттен қосымша материалдар көру арқылы өз біліміңізді жетілдіре аласыз. Компьютері бар оқушылар оқулықпен практикалық жұмыстарды орындауыңызды сұраймын. Сіздерге кері байланыс Кundelik.kz журналы арқылы жіберіледі. Егер барлығы түсінікті болса онда келесі сабақта кездескенше сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет