Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Динамика:
|
Мектеп
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 10
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Нютонның қозғалыс заңдары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну;
Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;
үдеу мен тең әсерлі күштің бір жаққа бағытталғанын түсіне отырып, F=ma теңдеуін пайдаланып есепті шешу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар массаның инерттілік мөлшері екендігін түсіндіру, Ньютонның үш заңын дұрыс тұжырымдай алуыға үйрету, Ньютонның екінші және үшінші заңдарын қолдана отырп, есептерді дұрыс шығару дағдыларын қалыптастыру.
|
Жетістік критерийлері
|
Әртүрлі денелердің өзара әрекеттесуі бойынша тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіре алады;
Дене жылдамдығының өзгеруі мен оның массасы арасындағы байланысты түсіндіре алады;
Дененің қандай шарттарда тыныш қалыпта болатынын, қандай шарттарда бірқалыпты қозғалатынын біледі;
Денелердің өзара әрекеттесуі (тікелей және қашықтықта) туралы білед
|
Тілдік мақсаттар
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Үдеу
|
Ускорение
|
Acceleration
|
Күш
|
Сила
|
Force
|
Ньютонның бірінші заңы
|
Первый закон Ньютона
|
Newton's first law
|
Ньютонның екінші заңы
|
Второй закон Ньютона
|
Newton's second law
|
Ньютонның үшінші заңы
|
Третий закон Ньютона
|
Newton's third law
|
Тіреудің реакция күші немесе нормаль қысым күші
|
Реакция опоры или сила нормального давления
|
Ground reaction force and force of the normal pressure
|
Теңәрекетті күш
|
Равнодействующая сила
|
net force, the resultant force
|
Үйкеліскүші
|
Силатрения
|
Friction force
|
Үйкеліс коэффициенті
|
Коэффициент трения
|
Friction coefficient
|
Күш векторының бағыты
|
Направление вектора силы
|
The direction of the force vector
|
Қажетті сөздер:
Күш,масса, инерттілік, үдеу
|
Құндылықтарды дарыту
|
Құндылықтарды дарыту
Оқушылардың ұқыптылыққа,өзара силастыққа баулыу. Пәнге деген қызығушылқтарын арттыру, алғырлыққа, зеректікке шапшандыққа баулу,
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бейнематериалдар көрсетіу, презентация.
|
Бастапқы білім
|
Күштер
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сабақ басында:
Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Ой қозғау Сұрақтары :
1.Неліктен қайықтың ескегін ессек қайық козгала бастайды?
2.Неге итерілген шана соңында тоқтайды?
3.Неге жарыс көлігі жай көліктерге қарағанда жоғары жылдамдыққа тез жетежі?
Миға шабуыл Бейне материал қарастыру:
http://www.youtube.com/watch?v=iwP4heWDhvw&safe=active
Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Топқа болу
Бірінші топ: бірінші заң
Екінші : екінші заң
Үшінші :топ ұшінші заң
Әр топқа топ басшысы сайланады.берілген уақыт ішінде әртоп әр заңды талқылап,түйгендерін алдыға шығып қорғайды. әр заңға кітаптан тыс екі мысал келтіруі керек.(үш топ үш тілде сөйлесе болады)
Таласа жауапберу
Ньютонның үшінші заңы байқалатын мысалдарды келтіріңдер?
Екі дененің әсерлесуінің нәтижесінде пайда болатын күштердің, табиғаты бойынша бірдей болатындығын көрсететін мысалдарды келтіріңдер?
Екі дененің әсерлесуі кезінде пайда болатын күштердің модульдері туралы не айтуға болады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
Қозғалыстағы автомобильдің желге қарсы әйнегіне маса соғылады. Соқтығысу кезіндегі масаға және автомобильге әсер ететін күштерді салыстырыңдар?
Столда жатқан кітап оны қандай да бір күшпен қысады. Стол кітапқа жоғары бағытталған дәл сондай күшпен әсер етеді. Осы күштердің тең әсерлі күшін табуға бола ма?
Ату кезіндегі кері тебілу құбылысын қалай түсіндіруге болады?
Есептер
1. 1.Егер қозғалтқыштың тарту күші 90 кН болса, онда жылдамдық алу кезінде массасы 60 т реактивті ұшақ қандай үдеумен қозғалады?
2.60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге 2 м/с2 үдеуді қандай күш бере алады?
3.Массасы 5 кг денеге бір түзудің бойымен 12 Н және 8 Н болатын екі күш әсер етеді. Келесі жағдайлар үшін осы дененің үдеуін анықтаңдар: а) олардың арасындағы бұрыш 00 – ті құрайды; б) олардың арасындағы бұрыш 1800.
4.Массасы 15 кг снаряд атылу кезінде 600 м/с жылдамдық алады. Егер қарудың стволының ұзындығы 1,8 м болса, онда күкіртті газдардың снарядты қысатын орташа күшін табыңдар? Стволдағы снарядтың қозғалысын бірқалыпты үдемелі деп санаңдар.
5.Автомобильдің жүргізушісі машинаны жанармай құю станциясынан 200 м қашықтықта болғанда тежей бастайды және оған қарай 20 м/с жылдамдықпен қозғалады. Массасы 1000 кг автомобиль стансаға келіп тоқтауы үшін қозғалысқа әсер ететін кедергі күш қандай болуы керек?
|
Ньютон заңдары бойынша видео:
http://www.youtube.com/watch?v=iwP4heWDhvw&safe=active
|
Сабақтың соңы
|
Сабақ соңында оқушыларға сосын оқушылар сабаққа рефлексия жүргізеді.
Тақтадағы жасыл,сары, қызыл түстерге магниттерді жабыстыру арқылы.
Үй тапсырмасы.Тыныштық күйдегі массасы 250 г хоккей шайбасы 0,02 с – қа созылатын соққыдан кейін, мұздың бетімен 30 м/с жылдамдықпен сырғанайды. Соққының орташа күшін анықтаңдар?
Егер дене түзу сызықпен қозғалса және оның координатасы х = 20 - 10t + t2 заңы бойынша өзгерсе, онда массасы 500 кг денеге әсер ететін күштің Ғх прекциясын табыңдар?
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Зерттеу жұмысын барлық сынып оқушылары орындағанымен соңындағы тапсырмаларды қабілеті жоғары оқушылар толықтырып, дұрыс шығарады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
|
Оқушылар зерттеу жұмысынан кейін жұптар бір-бірін бағалайды, ал деңгейлік тапсырманы орындап болғаннан кейін өз-өздерін дұрыс жауаптарымен тексере алады.
|
Зертхана жұмысы барысында оқышылар қауіпсіздік ережесін сақтауы тиіс.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Ой қозғауда ұсынылған диаграммадағы барлық күштерді оқушылардың толық ажырата алып, қандай жағдайлар орындалуы мүмкін екендігін түсіндіре алуы.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Зерттеу жұмысының нақты, әрі мақсатқа бағытталғандығы.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |