Сабақ тақырыбы Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? Өсімдіктердің көбеюі Сабақ мақсаттары



Дата09.06.2017
өлшемі145,01 Kb.
#18318
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Дүниетану



Мұғалім

Тәттібаева Ақсәуле

Мектеп, сынып

Қызылорда облыс, Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті,

№247 орта мектеп, 2-сынып



Сабақ тақырыбы

Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? Өсімдіктердің көбеюі



Сабақ мақсаттары

Өсімдіктердің көбеюін білу.

Өсімдіктің қанша жыл тіршілік ететінін түсіну.

Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Оқушылар топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, түсінеді, біледі және сөздік қорларын дамыту арқылы пәнге қызығушылығы артады;

Кейбірі: Алған білімді күнделікті өмірде қолдана алады.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Өсімдік – растение – plants.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуіне дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, өнер.

АКТ қолдану дағдылары

iMektep.kz + Бастауыш дүниетану, слайд.

Бастапқы білім

Өсімдіктің тірі ағза екендігін, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс болатынын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.

(Жасыл жапырақ, сары гүл, қызыл жеміс).

Ертеңгілік шеңбері

Қол ұстасып, кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінейік. Дос болу қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерінің қандай екендігін бас бармақпен көрсетеді.



Түрлі түсті жапсырма қағаз.

Сабақтың ортасы

Бағалау парағы арқылы әр топтың оқушылары өздері бағалап отырады.

Бағалау парақшасына оқушы аты жазылады. Оны оқушылар өздері жазады.





Оқушының

аты


Тапсырмалар

1

2

3

4

1
















2
















3
















4
















5
















Үй тапсырмасына шолу жасау.

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.



Қосымша тапсырма.

1-Тапсырма: Топтастыру.

1-топ. Өсімдікке ауа не үшін қажет?

2-топ. Өсімдікке жылу, жарық не үшін қажет?

3-топ. Өсімдікке су не үшін қажет?


Жаңа сабақ. «Серпілген сауал»
Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Өсімдікке не қажет?

- Өсімдіктерге су, ауа, жылу керек екендігін білдік (оқушы жауабы).

- Өсімдіктің мүшелерін ата.

- Тұқым нешеге бөлінеді, оны ата.

- Екіге, құрғақ, шырынды.

Біз білмейтін тағы қандай бөлігі қалды? (болжау)

- Өсімдіктердің көбеюі.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын айту.

Күн реті слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды. Өсімдік сөзін үш тілде айту. Дәптерге жазу.


2-Тапсырма. Үш топқа да бір тапсырма.

Өсімдіктердің көбеюі туралы не білесіңдер?

Қағаз бетіне түсіреді. Әр топтан бір оқушы қорғап шығады.

Жаңа сабақ бойынша бейнебаян көреді. Түртіп алу стратегиясы бойынша керекті мәліметтерді жазып алады.



Оқулықпен жұмыс.
3-Тапсырма. ДЖИГСО әдісі бойынша жаңа сабақты оқиды. Жұптасып және топпен талқылайды.

Жаңа сабақты түсінгендері бойынша тапсырмаларды орындайды.


4-Тапсырма. Топтық жұмыс.

1-топ. Бір жылдық өсімдік.

2-топ. Көп жылдық өсімдік.

3-топ. Өсімдіктердің көбеюі.

Барлық тапсырмалардың мақсаты бір. Өсімдіктердің тіршілік етуіне қажетті факторларды (мысалы: өсімдік-су, ауа, жылу, жарық, бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық, өсімдіктердің көбеюі) топтастыра отырып, оқушыларда түсінік қалыптасады.




өсімдік




Сергіту сәті:

Слайд арқылы «Табиғаттағы айналым» суретін көрсетемін. Оқушылар суретте көргендерін іс қимылмен көрсетеді. Өсімдік - тірі ағза, өсімдіктің өсіп-өнуі, өлуі үздіксіз процесс.

Қорытынды: Әр топқа тапсырма.

1-топ. Дұрыс, дұрыс емес

2-топ. Бос орынды толтыр.

3-топ.Тест.

Бейнебаяндағы өсімдіктерге байланысты сұрақтарды, салыстыра отырып тексеремін.

Үй тапсырмасы: Өсімдіктердің көбеюі тақырыбын оқып келу. Бір жылдық, көп жылдық өсімдіктердің көбеюі туралы сурет салу. Сурет бойынша әңгімелеу.



Бағалау парақшасы.

Жапсырма қағаз, ақ қағаз, т.б.



iMektep.kz сайтынан фильм.

Бастауыш дүниетану.

Түрлі түсті қаламсап.

Қағаз, жапсырма қағаз.

Түрлі-түсті маркер т.б.

Слайд, сурет, іс- қимыл.

iMektep.kz cайты. 3-тапсырма.



Сабақтың соңы

Рефлексия

2 минут


«Еркін микрофон» әдісі бойынша білім алушылар өз ойлары мен пікірлерін айтады.

- нені білдім?

- не ұнады?

- не қиын болды?

Оқушылар бағдаршамға жапсырма қағазды жапсыру арқылы бүгінгі сабақтың өздеріне ұнағандарын көрсетеді.


Микрофон.

Смайлик, бағдаршам, т.б.



Саралау – Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін еркін дұрыс қайталай алуын. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейіне қарай қалай тексеруді жоспарлау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ. 
Құндылықтармен байланыс (тәрбие).



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы

Оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?


Білім алушылар төменгі сынып болғандықтан өз ойларын жасырмай айта алады.

Жас ерекшелігіне сай мақсат құрылған.

Оқушылардың тақырып бойынша білімдері қалыптасты.

Кейде уақыт сақталмай, ауытқушылық болды.



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Көрсетілім аспектісі

2: Бала өз ойын жеткізуі

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Қызығушылығын арттыру

2: АКТ

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Үлгерімі төмен оқушыларға топтық тапсырмаларды қорғату керек. Жекелей сұрақтар қойған дұрыс. Олар аз сөйлейді.


1-топтың тапсырмасы.

Дұрыс немесе дұрыс емес.



1. Құлпынай мұртшасы арқылы көбейеді.

Дұрыс немесе дұрыс емес.



2. Түйнек өсімдіктің топырақ астындағы сабағының жуандаған жері.

Дұрыс немесе дұрыс емес.



3. Сәбіз - бір жылдық өсімдік.

Дұрыс немесе дұрыс емес.



4. Екі жылдан ұзақ өмір сүретін өсімдіктерді көп жылдық өсімдіктер деп атайды.

Дұрыс немесе дұрыс емес.



5. Орамжапырақ пен пияз бір жылдық өсімдіктерге жатады.

Дұрыс немесе дұрыс емес.



2-топтың тапсырмасы.

Бос орынды толықтыр.

1. Өсімдіктің топырақ астындағы сабағының жуандаған жерін ................. деп атаймыз.


2. Бір жыл ішінде тұқымнан өсіп, гүлдеп, жаңа тұқым беретін өсімдіктерді ...................... ...... өсімдіктер дейді.
3. Бірінші жылы тұқымнан өсіп, тамырына немесе жапырағына қоректік заттарды жинап, тек екінші жылы ғана гүлдеп, тұқым беретін өсімдіктерді ............................... ............ деп атаймыз.

4. Құлпынай ........................... арқылы көбейеді.


5. .................... түйнек арқылы көбейетін өсімдік.

Керекті сөздер:

Бір жылдық, мұртшасы, сабағы, картоп, екі жылдық, түйнек.

3-топтың тапсырмасы.

Тест

1. Фильм не туралы екенін көрсетіңіз.

А) Үлескі туралы.

Ә) Сәбіз туралы.

Б) Топырақ жайында.

В) Өсімдіктердің көбеюі туралы.

2. Түйнек арқылы көбейетін өсімдік түрін көрсетіңіз.

А) Бидай.

Ә) Сәбіз.

Б) Картоп.

В) Күнбағыс.

3. Өсімдіктердің топырақ астындағы сабағының жуандаған жері қалай аталатынын көрсетіңіз.

А) Тұқым.

Ә) Тамырсабақ.

Б) Мұртша.

В) Түйнек.

4. Екі жылдық өсімдікті көрсетіңіз.

А) Картоп.

Ә) Сәбіз.

Б) Қызанақ.

В) Бидай.

5. Бір жылдық өсімдікті көрсетіңіз.

А) Алма ағашы.

Ә) Бидай.

Б) Бұта.


В) Сәбіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет