Бағалау парағы арқылы әр топтың оқушылары өздері бағалап отырады.
Бағалау парақшасына оқушы аты жазылады. Оны оқушылар өздері жазады.
№
|
Оқушының
аты
|
Тапсырмалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
Үй тапсырмасына шолу жасау.
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
Қосымша тапсырма.
1-Тапсырма: Топтастыру.
1-топ. Өсімдікке ауа не үшін қажет?
2-топ. Өсімдікке жылу, жарық не үшін қажет?
3-топ. Өсімдікке су не үшін қажет?
Жаңа сабақ. «Серпілген сауал»
Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Өсімдікке не қажет?
- Өсімдіктерге су, ауа, жылу керек екендігін білдік (оқушы жауабы).
- Өсімдіктің мүшелерін ата.
- Тұқым нешеге бөлінеді, оны ата.
- Екіге, құрғақ, шырынды.
Біз білмейтін тағы қандай бөлігі қалды? (болжау)
- Өсімдіктердің көбеюі.
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын айту.
Күн реті слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды. Өсімдік сөзін үш тілде айту. Дәптерге жазу.
2-Тапсырма. Үш топқа да бір тапсырма.
Өсімдіктердің көбеюі туралы не білесіңдер?
Қағаз бетіне түсіреді. Әр топтан бір оқушы қорғап шығады.
Жаңа сабақ бойынша бейнебаян көреді. Түртіп алу стратегиясы бойынша керекті мәліметтерді жазып алады.
Оқулықпен жұмыс.
3-Тапсырма. ДЖИГСО әдісі бойынша жаңа сабақты оқиды. Жұптасып және топпен талқылайды.
Жаңа сабақты түсінгендері бойынша тапсырмаларды орындайды.
4-Тапсырма. Топтық жұмыс.
1-топ. Бір жылдық өсімдік.
2-топ. Көп жылдық өсімдік.
3-топ. Өсімдіктердің көбеюі.
Барлық тапсырмалардың мақсаты бір. Өсімдіктердің тіршілік етуіне қажетті факторларды (мысалы: өсімдік-су, ауа, жылу, жарық, бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық, өсімдіктердің көбеюі) топтастыра отырып, оқушыларда түсінік қалыптасады.
өсімдік
Сергіту сәті:
Слайд арқылы «Табиғаттағы айналым» суретін көрсетемін. Оқушылар суретте көргендерін іс қимылмен көрсетеді. Өсімдік - тірі ағза, өсімдіктің өсіп-өнуі, өлуі үздіксіз процесс.
Қорытынды: Әр топқа тапсырма.
1-топ. Дұрыс, дұрыс емес
2-топ. Бос орынды толтыр.
3-топ.Тест.
Бейнебаяндағы өсімдіктерге байланысты сұрақтарды, салыстыра отырып тексеремін.
Үй тапсырмасы: Өсімдіктердің көбеюі тақырыбын оқып келу. Бір жылдық, көп жылдық өсімдіктердің көбеюі туралы сурет салу. Сурет бойынша әңгімелеу.
|