Сабақ тақырыбы Өсімдік дүниесі Сабақ мақсаттары



Дата17.12.2021
өлшемі21,67 Kb.
#102146
түріСабақ
Байланысты:
өсімдік


Сабақ жоспары


Күні:

Мектеп: С.Шапағатов м/г

Сынып: 7

Мұғалімнің аты-жөні: Ерсайынова Шолпан



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдік дүниесі

Сабақ мақсаттары

Маңғыстау облысының өсімдік жамылғысына сипаттама бере алады.

Бағалау критерийлері

  • өсімдік таралуын анықтай алады



Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты.Оқушылар:

Өз идеяларын көрсете алады. Кейін оқушылар басқа плакаттармен жұмыс істеп, өз пікірлерін айтып және өз идеяларын дамыта отырып, басқаларының идеяларын толықтырады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология

Маңғышлақ



Құндылықтарды дарыту

Теорияда алған білімдерін, практикада ұштастыра білуге баулу. Өз бетінше жұмыс дағдысын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушыларды бір – бірін тындай білуге, бірігіп жұмыс жасауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, география

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 35 мин



Оқушылармен амандасу. Cабақта ынтымақтастық атмосферасын құру. Сұрақ қою арқылы оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.

Маңғыстау облысы шөлдік-шөлейтік табиғат зонасында жатқандықтан, Қазақстанның басқа табиғат зоналарына қарағанда өсімдіктер дүниесіне кедей. Облыс жерінде 400-ден аса өсімдік түрлері өседі. Қатаң табиғат өсімдіктердің континенттік құрғақ климатқа бейімделуіне жағдай жасаған.

Шөл өсімдіктері шөптесін, шалабұта және бұта болып бөлінеді, олар шөл жертарабының (ландшафтың) өсімдік қабатының әртүрлі деңгейін құрайды. Олардың өсу мерзімі (бір және көп жылдық) әртүрлі болады. Эфемерлер мен эфемероидтар тек көктемде қысқа мерзімге ғана өсіп, гүлдеп, шөлде ерекше көрікті әр береді. Негізгі шөптесін өсімдіктер: ақмия, адыраспан, алабота, ажырық, аққурай, бидайық, боз сораң, боз иген, балықмұз, бетеге, бәйшешек, домалатпа, дүбірше, жантақ, жусан, изен, қияқ, қызылтамыр, құртқашаш, құмаршық, қоқырбас, құмжуа, қызғалдақ, қамыс, қалқанселеу, қоянжын, кәріқыз, ебелек, майқаңбақ, монданақ, мортық, раң, сораң, сарғалдақ, селеу, сасыр, шытыр, шырыш, ши, торсылдақ, еркекшөп т.б.

Шалабұталар шөптесін өсімдіктерден бұталар арасындағы өтпелі өсімдіктер тобын құрайды. Олардың жоғарғы жағы шөптесін өсімдіктерге ұқсаса, төменгі жағы аташ діңтегіне үқсап, қабықтанып келеді. Биіктігі кейде 1 м-ге дейін жетеді. Жапырақтары ұсақ, майда бүршіктері болады. Маңғыстаудың негізгі шалабұталарына қызбалтыр, итсигек, изен, бұйыртын, қараматау, көкпек, тал бұйыртын, боз жусан, қара жусан, сексеуілше, сарсазан, баялыш, сораң, күйреуік, шытыр жатады.

Шөл флорасының жоғарғы қабатын бұталар мен ағаштар құрайды. Олардың кәдімгі ағаштардан айырмашылығы — діндері көп болады. Биіктігі 5-6 м-ге дейін жететіндері бар және 15-30 жыл өмір сүреді. Облыс өсімдіктерінің жоғарғы қабатын ақтаспа астратал, түйеүйек астратал, қызыл жыңғыл, жүзгін, қызыл жүзгін, құба тал, қаратан, түйесіңір, жұмсақжеміс, қоянсүйек, сексеуіл, ақтікен, Рихтер сораңы, тобылғы түс, терек, шеңгел, шоңайна, құланқұйрық, қылша т.б. түрлер құрайды. Өсімдіктердің үш тобының да жеке өсімдіктерінің де өсетін жері, өсу ұзақтығы, таралу аймағы, алатын орны әртүрлі.

Маңғыстау өсімдіктер дүниесінің ең басты ерекшелігі — біртұтас өсімдік жамылғысының болмай, жеке өсімдіктердің шашыраңқы өсуі.

Екінші бір қасиеті — құрғақшылық пен ыстық климатқа бейімделуі (ксерофитгік). Мұндай өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігінен гөрі тамырлық жүйесі жақсы дамып, ылғал алуы үш метр тереңдікке дейін барады. Шалабұталардың көп бұтағы ағаш тәрізді қабықтанып, жыл сайын тек азғана өскіндер дамып, бірнеше ай өмір сүреді.

Шөл өсімдіктері (ксерофиттер) өз бойындағы азғана ылғалды үнемдеу үшін әртүрлі ғасырлық бейімдеулерді басынан өткізген. Көптеген өсімдіктердің жапырағы кіп-кішкене, шағын болып келеді (жусан), ал кейбірінде жапырақтың жапырақ аты қалмайды (қылша сияқтылар), жантақ сияқтыларда жапырақтың орнын тікенек басады. Селеу, бетеге, т.б. өсімдіктердің ұзын жапырағы түтікшеге айналып оратылып дамиды. Осының бәрі ыстық күн астында булануға барынша кедергі жасауға арналған табиғи бейімділік. Сондай-ақ шөл-шөлейт өсімдіктердің сыртының түкті-түбітті болуы да, балауыз табымен шырыштанып тұруы да осындай әрекеттің қатарына жатады.

Маңғыстау өсімдіктері топырақ құрылымына байланысты әр жерде әртүрлі болады. Жалпы маңғыстаулық жусанды-сораңды жамылғысының ішінде қоңыр топырақты бөлігінде жусан, сүр қоңыр топырақта сораң басымырақ таралған. Жусан қазақ даласының символдарының бірі. Таулы Маңғыстау мен Бозащыда бұйырғын, изен, мортық, итсигек, адыраспан да жиі өседі. Тауда тасбұйырғын өседі. Шала бұталар арасында сораң деп аталатын шөп түрлері (бұйырғын, тітір, баялыш, алабота, көкпек, т.б.) жиі, ал сазды топырақта көбірек өсетін сораң түрі — бұйырғын мен көкпек. Сортаң топырақта сораңдардан басқа сарсазан, ажырық, шытыр, қарабарақ, т.б. өседі. Өте күшті тұздылыққа жеткенде сортаң жерлер сорға айналып, түзбен көмкеріледі, мұндай жерлерде өсімдік өспейді деуге болмайды. Олар тым құрғақ және тұзды болады, жаңбыр мен желдің ықпалымен күшті тілімденген, жиі жыра торымен қапталған мұндай жер бедерін бедленд (ағыл.- "жаман жер") деп атайды.

Маңғыстау өңіріндегі осындай жер бедерінің үлгісі — Тұзбайыр (Үстірт шыңдарының етегінде) ежелгі құрғақ сортаңды саздар бар өңір.

Қарағантүп пен Бозащының кейбір жерлерінде еркекшөп көп алқаптарда кездеседі.

Құмды шөлдер сазды шөлдерге қарағанда өсімдіктер әлеміне бай. Ыза сулардың жер бетіне жақын орналасуы өсімдіктердің жақсы өсуіне жағдай жасайды. Көктемгі жаңбырлы кезеңде құмдар жасыл желекке оранады. Тек көктем айларында ғана өмір сүретін эфемер өсімдіктер (бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ, т.б.) саздақтан гөрі Маңғыстау құмдарында көбірек өседі. Сонымен қатар Үстірт, Сенек, Сам құмдарында бұталардың басым көпшілігі (жүзген, теріскен, шеңгел, т.б.), биіктігі кейбір ағаштан кем түспейтін ақ сексеуіл өседі.

Соңғы жарты ғасырда Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі де өркениеттің қысымын көрді, кейбір түрлері жойылып кетті де. Көшпелі халық үшін өсімдіктер ең алдымен малға қажетті жайылым, сондықтан оның сақталуы да мал шаруашылығына байланысты. Мал бағудың ғасырлық дәстүрінің XX ғасырда құрт өзгеруінің салдарынан жайылым сапасы төмендеп кетті. Малды артық баққанда жайылым тапталып, топырақ қабаты тығыздалып қалады. Мұның өзі өсімдіктердің өсіп-өнуін қиындатады.

Өсімдіктердің азаюына басқа да адам әрекетінің түрлері әсер етеді. Мәселен, 1960 жылдары облыста 110 мың га қалың сексеуіл тоғайы өссе, қазір 30 мың гектарға да жетпейді. Бұл Бейнеу, Сенек-Сұмса өңірлеріндегі сексеуіл тоғайларын отынға пайдалану мен тиімсіз мал бағудың әсерінен болып отырған келеңсіз жайт.

Топырақтың бұзылуы, өсімдіктердің азаюы, жайылым сапасының төмендеуі ең алдымен атакәсіп — мал шаруашылығына үлкен соққы болып саналады. Сондықтан Маңғыстаудағы көлік жолдарын реттеу, жайылымды артық пайдаланбау, бағалы өсімдіктерді жасанды түрде көбейту, эндемиктерді, эталондық учаскелерді қорғау, жайылымды суғару, мал бағудың тиімді жүйесін іздестіру — өлке табиғаты ғана емес, адам өмірі үшін кезек күттірмейтін шара.



37-40 мин



Рефлексия.Оқушылар партадағы суреттерді өздерінің көңіл күйлеріне қарай таңдайды. Кейін неге осы таңдауды жасағанын мұғалім сұрайды.

карточкалар




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет