Сабақ тақырыбы Отбасылық демалыс Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/3
Дата09.06.2017
өлшемі390,99 Kb.
#18316
түріСабақ
1   2   3
ЖЖ.

Жұпта талқылаңыздар:

12:00 Отбасылық демалыс дегеніміз не? деген тақырыпқа талықылау жүргізіңіздер.

15:00 Демалыс кезінде көпшілік отбасылардың айналысатын істері туралы сөйлесіңіздер.

18:00 Қоғамдық орындарда демалысын бірге өткізетін отбасылардан нені байқадыңыз? Қоғамдық орындарда олар мәдениетті сақтай ма?

21:00 Отбасылық демалысты қалай тиімді ұйымдастыруға болатындығы туралы кеңестер қатарын жазыңыздар (Маңызды 2 кеңесті мұғалім ұсынған парақшаға жазады).


ТЖ.

Топтық талқылау.

Әр жұп өзінің кеңесін тақтаға іледі. Сыныппен осы кеңестерді маңыздылығына қарай саралайды.

Мозайкалар

Сағат суреттері

парақтар



Сабақтың ортасы – 20мин.

Сергіту сәті “Өз орныңды тап!”

Оқушыларға төл сөз, автор сөздері мен олардың тыныс белгілері жеке-жеке қағаздарға жазылып, таратылады. Мұғалім белгілі бір сөйлемді асықпай оқиды. Оқушылар сөйлемді тыңдап, тез арада рет-термен тұра қалулары керек. Яғни сөздер, тыныс белгілер қолданысқа сай тұра қалады.


Ж.

Отбасындағы қызықты оқиғалар

Оқушыларға жазылымда қолдануға тиісті жаңа сөздер (тұрақты тіркестер, көркемдегіш құралдар ұсынылады).
Жазылым берілген сурет бойынша «Демалыстағы отбасындағы қызықты оқиға» тақырыбында сюжетті әңгіме құрастыру тапсырылады. Жазылым барысында төл сөз және автор сөздерді дұрыс қолдану, пунктуацияға ерекше мән беру қажеттігі ескертіледі.


Дескриптор:

- суреттер желісімен әңгіме құрастырады;

- әңгіме желісіне автор, төл сөздерді кіріктіреді;

- олардың тыныс белгілерін дұрыс қолданып, қояды;


Әр оқушы жеке тапсырманы орындап болған соң әр оқушы өз жұмысын топта оқиды. Топтан ең үздік жұмыс анықталып «Автор орындығында» оқиды.
ҚБ.Оқушылар оны «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

Жасыл түс – жұмыс барлық талаптарға сай орындалған

Сары түс – менің сұрағым бар

Қызыл түс – ұсынысым бар.


Қима қағаздар

Жазу құрылымына арналған кесте, суреттер



Сабақтың соңы – 10мин.

Оқушылар рефлексиясы:


Сөйлемді аяқта...

Менің бүгінгі сабақта түйгенім...

Менің сабақтан алған әсерім...

Менің айтар ұсынысым...



Түрлі-түсті стикерлер








Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдау: Кейбір оқушылар үшін төл сөз бен автор сөзінің анықтамасы және оның дайын мысалдары, қойылатын тыныс белгілері жазылған парақтар үлгіге ұсынылады. Жазу құрылым беріледі

Оқушылардың жұптық жүмыстары өзара жазбаша кері байланыс беру арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың жазба жұмыстарын мұғалім жинап алып, жазбаша кері байланыс береді. Кері байланыс дескерипторларға сүйеніп жүргізіледі. Оқушылар өзара бірін-бірі бағдаршам көзерімен бағалайды

Сыныптағы қолайлы ахуалды сақтау үшін, топтық, жұптық жұмыстар ұйымдастырылады. “Қызықты мозайка”, “Сағат дос», «Өз орныңды тап!» сергіту сәті, топтық, жұптық талқылаулар, сюжетті суреттер желісімен әңгіме құрастыру сияқты белсенді оқу әдістері қолданылады

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?



1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?






Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, жалпы білім беретін №9 орта мектебі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет