Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер
Мектеп: “ЖББ №9 орта мектебі” КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Баубеков Аманжол Сагинтайович
Күні:
Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Отбасылық демалыс
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздерінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану
|
Сабақ мақсаты
|
Отбасылық демалыс тақырыбына берілген сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;
Әңгіме құрастыру барысында төл сөз, төлеу сөз бен автор сөздеріндегі тыныс белгілерді орынды қолдану;
|
Бағалау критерийі
|
мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгілерін қояды;
төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазады;
төл сөз бен автор сөздерінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады;
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, тыныс белгілерінің емлесі.
Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Меніңше, ... тапсырманы толық орындады/орындай алмады, себебі ол ... жасады/жасамады»
|
Құндылықтарға баулу
|
Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады
|
Пәнаралық байланыс
|
Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, сурет пәнімен, сергіту сәтіндегі қимыл қозғалыс дене шынықтыру пәнімен ұштасады. Сабақтың жеке тұлғаны дамытуға бағытталуы өзін-өзі танумен тығыз байланысты
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар алдыңғы сабақта сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырып, онда төл сөз бен автор сөздеріндегі тыныс белгілерді орынды қолдану дағдыларын шыңдады, бұл дағдыны жаңа сабақта да жетілдіруге мүмкіндік алады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы – 15мин.
|
С.
Оқушыларға «Қызықты мозайка» ұсынылады.
Қызықты мозайка – оқушыларға ойын арқылы алдыңғы сабақтағы ережені еске түсіру.
Үстел үстіне төл сөз, автор сөздері мен тыныс белгілері көрсетілген қағаз қиындылары беріледі (төл сөз, автор сөздері тіктөртбұрышта, ал тыныс белгілері үшбұрышта жазылғаны дұрыс). Оқушылар берілген қиындыларды қолдана отырып, ереже мен тыныс белгілерінің қолданылуын түсіндіреді.
Мұғалім оқушылардың жаңа сабақта қандай дағдыларды дамыту жұмыстарымен айналысатындықтарын және сабақ тақырыбын хабарлайды.
Сағат дос» әдісі
|