4. Түсіндіру. Отын энергиясы және отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасы түсіндіріледі. Отын энергиясы Жану кезінде бір көміртек атомы аудағы оттектің екі атомымен қосылып, көмірқышқыл газының бір молекуласын құрайды. Нәтижесінде өте көп энергия бөлінеді. Отынның меншікті жану жылуы-массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін
көрсететін физикалық шама. Белгіленуі: q
ХБЖ-де меншікті жану жылуының өлшем бірлігі Дж/кг `өрнектеледі. 5. Сабақты бекіту. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындау үшін отын энергиясының формуласын қолданады.
Тапсырмалар: 1. ПӘК-і 40 пеште 0,5 кг ағаш көмірін жағып көлемі 100 л суды қанша градусқа дейін жылытуға болады? с4200 Дж/кг0С, 1000 кг/м3, q=34106Дж/кг.
2. Спирт шамымен массасы 400 г суды 160С-тан 710С-қа дейін қыздырды. Ол үшін 10 г спирт жанған болса, қондырғының ПӘК-і қандай? с4200 Дж/кг0С, q=27106 Дж/кг.
3. Массасы 100 г бензин толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшеріндей жылу алу үшін, қанша тас көмір жағу керек? qб=4,6107Дж/кг, qк=3107Дж/кг.
Бағалау критерийлері: 1. Отын энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдана алады. 2. Физикалық шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ ауыстыра алады. 3. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарады. 4. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізе алады Қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:
1. Массасы 1 кг сутегі толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері сондай құрғақ қайың толық жанғанда бөлініп шығатын жылудан неше есе артық? qс=120106Дж/кг. qа=13106Дж/кг. 2.Газ плитасының үстінде тұрған массасы 2 кг алюминий ыдыстың ішіндегі массасы 1 кг суды 200С-тан 800С-қа дейін қыздыру үшін қанша табиғи газ жағу қажет? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, q=44106Дж/кг, са920 Дж/кг0С.
Презентация
Бақынов, физика есептер жинағы
Сабақтың соңы
35-40 мин
7. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.