Сабақ Тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері



Дата25.08.2017
өлшемі266,51 Kb.
#26615
түріСабақ
Жаңаөзен мектеп-гимназиясы

Ашақ сабақ

Тақырыбы: Оттектің химиялық

қасиеттері

Пән мұғалімі: Атабай А.Р

2016-2017 оқу жылы








Сабақ жоспары

Химия 8 Ә 21.01.2016ж







Сабақтың тақырыбы

§24. Оттектің химиялық қасиеттері



Сабақтың мақсаты





Сабақтың типі


Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі


Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, слайд

Сабақтың әдіс-тәсілдері


Ауызша баяндау,сұрақ-жауап, есептер шығару


Қолданылған әдебиеттер

Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина



Күтілетін нәтижелер



Сабақтың барысы

Уақыт


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушылардың іс-әрекетінен күтілетін нәтижелер


2 мин



  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, оқушыларды химиялық ыдыстар арқылы топқа бөлу.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

8 мин


20 мин

12 мин


1 мин

2 мин





  1. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оттектің физикалық қасиеттерін жазыңдар.

2. Оттектің алыну реакциясын жазыңыздар.

H2O →
KMnO4
HgO →
3. Оттек газын кім ашты?
4. Оттектің адам өміріндегі маңызын түсіндіріңдер.


  1. Жаңа сабақ.

Ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде. Менделеев деген үлкен қалада Оттек деген бір тентек бала болыпты. Ол көп қабатты үйдің екінші қабатында тұрады екен. Оттек басқа көршілерімен жақындасса, жана бастайды. Бір күні ерігіп отырып «мен күштімін бе, әлде әлсізбін бе» деп өзін сынамақ болып, төменгі қабаттан бастап, жоғарғы қабатқа дейін көтеріліп, аралап шықпақшы болады.Ол бірінші қабаттағы үйдің есігін қағып үйге енеді. Үйдегі элементпен қосылып айдын көлге айналады.

2Н2 +О2 →2Н2 О


Оттек суға малынып жүріп қатты тоңады. Жылыну үшін екінші қабаттағы №6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жылынып,жанып, жарық бөледі.

С +О2 →СО2


Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады.Осы пәтерге енген бойда найзағай ойнап, шатыр-күтір аспан айналып жерге түскендей болады.

N2 +О2 →2NО


Қатты шатырлаған дауыстан шошып,ол үшінші қатарға қашады.Алдында №15 пәтердің есігі ашық тұр екен,оттек осында енеді.Бөлме іші көз қаратпайтын жарық болып, ашық жалынмен жана бастайды,бөлме қабырғалары ақ түтінге толады.

4Р +5О2 →2Р2 О5


Осы кезде№14 пәтердің иесі үйінен шығып келе жатады. Оттек осы үйдің иесімен амандаспақ болып, жақын келеді. Екеуі қосылып құмға айналады:

Si +О2 → SiО2


Оттек өзінің қасиетіне мақтанып, одан сайын маңғаздана бастайды. Аяғын басса,алдындағылар жанып, онымен қосылыс түзіп,суға, топыраққа айналады. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралады. Сырт көзге жанбайтын деп есептелетін заттарда оттекте жанады. Мысалы бойында мықтылық,беріктік қаситі бар металл-темір. Ол жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, темір қағын түзеді.

4Ғе + 3О2 →2 Ғе2 О3


Оттек бірнеше пәтер иелерімен қосылып, қосылыстар түзеді. Ол өзінің”оксидтер”деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанып,өзін “күштімін, белсендімін”деп шешеді. Алайда ол №2 №10 №18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмағанына қатты өкінді. Галогендермен,криптон,ксенон алтынмен, платинамен жанама жолмен әрекеттесіп қосылыстары болатынына риза болды.

Оттек тек жай заттармен емес, күрделі заттар менде әрекеттесе алады.

СН4+2О2 →СО2 +2Н 2О

Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.




  1. Білімді тиянақтау кезеңі

1-тапсырма. Толықтыру тестісі

2-тапсырма. Есептер шығару

3-тапсырма. Тест тапсырмасы

Толықтыру кестесі.

1-тапсырма

1.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы----------тең.

2.Оттек-------,-------------,-------------газ.

3.Оттек ---------қатады,---------сұйылады.

4.Оттек----------- белсенді элемент,ол қазір белгілі------мыңдай бейорганикалық заттардың құрамына кіреді.

5.Адам организмі----------------байланысқан оттектен тұрады.

6.Д.И. Менделеев құрастырған химиялық элементердің периодтық жүйесінде оттек элементі-----------орында тұр.

7.Заттардың оттекпен әрекеттесуі----------реакциясы деп аталады.

Толықтыру сөздері: 65% ,химиялық, -216С, -183С , 2, 8, иіссіз түссіз, дәмсіз ,16, тотығу.

Есептей білсең есің түгелденеді
2-тапсырма

1)Массасы 24 көміртекті жанғанда қанша

көмір қышқыл газы (СO2 ) түзіледі?


С +O2 → СO2
2) Валенттіліктері І,ІІ,ІІІ. болатын элементтердің қосылыстарын формуласын жазыңдар?
Тест тапсырмалары
3-тапсырма

1.Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?

а) ауа ә)минералды заттар

б) марганцовка в) су

2.Оттектің физикалық қасиеттері

а)өткір иісті ә)сары түсті

б) ауадан жеңіл в)түссіз, иіссіз ,дәмсіз газ.

3.Оттек жай заттармен қосылып, оксидтер түзуі реакцияның қай типіне жатады?

а) қосылу ә)айырылу б)орынбасу в)алмасу

4.Натрий оксидіндегі натрийдің атом саны

а)1 ә)2 б)3 в)4




  1. Үйге тапсырма:

§24. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану

е.ж. 2-19, 2-21-23, 2-31-35, 2-37



VI. Бағалау:

Үй тапсырмасын топ кезектесіп ортаға салып айтады.

Топ бірлесе ақпарат жинап ізденеді.
Оқушылар дайындаған жауаптарын ортаға салып айтады.

Оқушылар дәптер, кітаптарын ашып жаңа сабақты жазады.


Жазып болған соң мұқият мұғалімді тыңдап отырады.

Оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап береді.

Оқушылар жұптасып, бір-бірінің ең үздік деген жауаптарын біріктіреді.


Әр топ өздерінің жауаптарымен бөліседі.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет