Сабақ тақырыбы Оқуға шақыру Ахмет Байтұрсынұлы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/137
Дата07.02.2022
өлшемі6,58 Mb.
#82474
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
Байланысты:
Әдебиеттік оқу қмж




Пән: Әдебиеттік оқу
Күні:
Сынып: 3

Мектеп: №8 орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оқуға шақыру
Ахмет Байтұрсынұлы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру.
3.2.2.1 – қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Сабақтың_барысы'>Бастапқы білім

Екінші сыныпта өтілген тақырыптар

Сабақтың барысы

Сабақтың
жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау;
ә) Назарларын сабаққа аудару;
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
- Отырыңдар.
- Көңіл – күйлерін қалай? Бүгінгі әдебиеттік оқу сабағынан сендерге мен – Азиза Маратқызы беремін.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
- Оқушылар сендер қазір «Жалаулар» арқылы топқа бөлінесіңдер. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
1-топ «Бақыт жалаулары»
2-топ «Арман жалаулары»
3-топ «Қуаныш жалаулары»
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
- Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің?
Жұмыс түрі: 1) жеке ойлау
2) көршісіне айту
3) Топпен талқыға салу
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет