Пән: Әдебиеттік оқу
Күні:
Сынып: 3
|
Мектеп: №8 орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Оқуға шақыру
Ахмет Байтұрсынұлы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру.
3.2.2.1 – қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|
Бағалау критерийлері
|
мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.
Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, қазақ тілі.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
|
Ресурстар
|
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
|
Сабақтың_барысы'>Бастапқы білім
|
Екінші сыныпта өтілген тақырыптар
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау;
ә) Назарларын сабаққа аудару;
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
- Отырыңдар.
- Көңіл – күйлерін қалай? Бүгінгі әдебиеттік оқу сабағынан сендерге мен – Азиза Маратқызы беремін.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
- Оқушылар сендер қазір «Жалаулар» арқылы топқа бөлінесіңдер. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.
1-топ «Бақыт жалаулары»
2-топ «Арман жалаулары»
3-топ «Қуаныш жалаулары»
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
- Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің?
Жұмыс түрі: 1) жеке ойлау
2) көршісіне айту
3) Топпен талқыға салу
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
|