Сабақ тақырыбы: Ою-өрнек құрастыру Сабақтың мақсаты



Дата01.04.2017
өлшемі38,04 Kb.
#13166
түріСабақ
4 сыныптағы «Ою-өрнек құрастыру» тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы:Ою-өрнек құрастыру
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушыларға ою-өрнек,оның түрлері,жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.Оюдың мағынасын түсініп,жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.

2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту;шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін,сабаққа қызуғышылығын арттыру;

3. Тәрбиелігі: ою-өрнек ая отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру;қолөнерге,еңбекке баулу.
Әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі: «Ою-өрнек түрлері» буклетті, «ою-өрнектің қолданылуы» суретті плакат,сөзжұмбақ- «Қолөнер»,тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: еңбек.
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау.Жұмыс орынын ұйымдастыру. Құрал- жабдықтардын түгендеу.
2.Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбын хабарлап,ою-өрнек туралы баяндау.


Қазақтың «Ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы-сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою,кесу,тілу,қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған,кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем,сандық, кебеже,жүкаяқ беттерін, киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергелік бұйымдарды безендіруде қолданылады.
Ою-өрнек түрлері мен атаулары көп. Ғылымда ою-өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.
Оюдың әрбір элементінде құрамында терең мағына, үлкен мағына бар. Ою - өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, теекмет, сырмақ, сандық т.б қолданылады.

Қабырға ілінген түс киіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою – өрнектің мағынасы бар екенін байқаймыз. Ою – өрнектің мағынасы жайында мынадай аңыз әңгіме бар екен.

Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жіберді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен, жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнелепті. Мұны көрген ата-анасы:

-Е, қызымыз әуедегі құстай емін-еркін, жайрандап өмір сүріп жүр екен,-деп мәз болысады.

Бір-екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағыда бір бет орамал әкелді. Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата-анасы:

-Қызымыз бұрынғы сауық-сайраннан, бас бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болыпты, бейшараның күйеуі қатал адам екен, өзінен төмен ұстайтын көрінеді,- деп қынжылыпты.

Міне, ою-өрнектерді «сөйлетіп», ою арқылы ойымызды білдіруге болады екен.

Ою-өрнек ойып үйренуге түрлі түсті қағаз, қайшы, қарындаш,желім сияқты құралдарымызды дайындаймыз.

Қағазды бүктеу, оюды дұрыс сызу, сызылған оюды дұрыс қию тәсілдерін көрсету.

Қағазды бір бүктеу тәсілін көрсету. Жұмыс барысында қағазды үнемдеп пайдалану ескеру.



3. Тапсырма

Түрлі-түсті қағаздан өз қиялдары бойынша ою-өрнек құрастыру, қиып, жапсыру. Тақтаға бірнеше үлгілерін көрсету, іліп қою.


4. Топпен жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөлу. Әрбір топқа тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарына оқушылар бірлесіп жауап береді.

1 – топ

1. Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?


а. 5
ә. 3
б. 4

2. Геометриялық ою-өрнектерге қай ою жатады?


а. Қошқармүйіз

ә. Тұмарша



б. Бүршік

3. Ағаштан жасалған ұлттық ыдыс?

а. Торсық

ә. Ожау



б. Саба

2 – топ

1. Жануар тектес ою-өрнек?

а. Ирек


ә. Айша бибі

б. Сынық мүйіз


2. Ыдыс-аяқ салатын тұрмыстық бұйым?

а. Аяққап

ә. Абдыра

б. Адалбақан


3. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек?

а. Шұғыла

ә. Жіліншілік

б. Өркеш
3- топ


1.Өсімдіктік ою-өрнекке қай өрнек жатады?
а. Айшық
ә. Балдақ
б. Бүршік

2.Қыздарға арналған ұлттық бас киім?


а. Сәукеле
ә. Кимешек
б. Тақия

3.”Ою-өрнек” тауы қай сөзден шыққан?


а. Живопись
ә. Орнамент
б. Натюрморт

Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдерін сөздердің орнын тауып жалғастыру.



1. Үйренгеннің өзіне құт,
Істегенің еліңе құт.
2. Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
3. Асыл қайшы пішуге сән,
Күміс қасық ішуге сән.

5.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағұлмат алып, оны қиып үйрендік. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласына арналған.
6.Оқушылардың жұмыстарын бағалау.

7.Үйге тапсырма беру.
Қағазды екі бүктеп, ою үлгілерін қию, түсті қағаздарға жапсыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет