Сабақ тақырыбы: Озық ойлы дарындылар
Сабақ мақсаты: а) Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін толықтыру және бақылау; ә) пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту; б) өзара жарысы отырып ойларын жинақтай білуге, өз бетінше еңбектенуге, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Видеорпроектор, слайдтар, жетондар, карточкалар.
Сабақ түрі: Топтық жарыс.
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
а) Оқушылармен, келген қонақтармен сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау; ә) Сынып оқушыларын топқа бөлу: 1-топ: «Қырандар». 2- топ: «Тұлпарлар». б) Мұғалімнің кіріспе сөзі.Сабақтың жоспарымен, ойын ережесімен таныстыру.
Жоспар :
1. «Тапқырлық» кезеңі. 2. «Кім жылдам?» кезеңі. 3. «Көкпар» кезеңі. 4. «Біліктілік» кезеңі. 5. Қорытынды.
Ойын ережесі:
Білімнің ұшқырлығын танып сен, Асып - тасып , қалыспа сен. Уақыт деген зымырап, зулап жатыр, Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста
керек екен – дей отырып ойынның 1-кезеңін бастаймыз.
1- кезең. «Тапқырлық» кезеңі.
Бұл кезеңде логикалық сұрақтар қойылады.жауап нақты әрі тез болуы керек.Қайсы топтың оқушысы бірінші болып бағалау жетонын көтерсе, сол оқушы бірінші болып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1- сұрақ. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар.Олардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша аяқ болады? (20)
2- сұрақ. Сыныпта 18 оқушы бар.Оның үштен бір бөлігі ұлдар.сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар?
3- сұрақ. Екі бөлмеде 76 адам болған.олардың біреуінен 30 адам, ал екіншісінен 40 адам шығып кеткенде, бөлмелердегі адамдар саны бірдей болды.Алғашқыда әрбір бөлмеде неше адамнан болған? (33 және 43)
4- сұрақ. Бес алма бар.Келген бала алтау. Осы бес алманы 6 балаға тең етіп бөліп беру керек.бірақ, ешбір алманы алты не одан да көп бөлікке бөлуге болмайды.
5- сұрақ. Үш әке мен алты бала серуенге шықты.Олар 42 алма сатып алды.Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан келді.Бұл қалай болғаны? ( 1 ата, 2 әке, 4 немере)
2- кезең. «Кім жылдам?» кезеңі.
Оқушылардың жылдамдық реакцияларын дамыту, сұрақтарға тез жауап беру.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.Егер бір команда дұрыс жауап бере алмаса, екінші оның орнына жауап беруге болады.
«Қырандар» тобына сұрақтар:
1. Төрт қабырғасы тең тіктөртбұрыш. 2. Түзудің екі нүктенің арасындағы бөлігі қалай аталады? 3. Түбір астындағы 225 саны нешеге тең? 4. Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы қалай айтылады? 6. х2 = 25 теңдеуінің түбірлері? 7. Төрт қойдың неше аяғы бар? 8. Қиылыспайтын түзулер? 9. Ромбының кіші диагоналы қабырғасына тең.Ромбының бұрыштары неше градустан болғаны? 10. Катет қандай үшбұрышта болады? 11. Үшбұрыштың орта сызығы?
«Тұлпарлар» тобына сұрақтар:
1. Төрт қабырғасы тең параллелограмм? 2. Жарты түзудің басқаша аты? 3. Гипотенуза қандай үшбұрышта болады? 4. Тең бүйірлі үшбұрыштың анықтамасы қалай айтылады? 5. Жеті тауықтың неше аяғы бар? 6. Түбір астындағы 196 нешеге тең? 7. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? 8. 𝛑 саны нешеге тең? 9. Тік бұрыштың жартысы? 10. Тәуліктің төрттен бір бөлігі? 11. Фалес теоремасы қалай айтылады?
3- кезең. «Көкпар» кезеңі.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының пайда болуы мен дамуы тым әріден басталады. Оларды салт- дәстүр, әдеп- ғұрыптарға байланысты жиын- той, мерекелерде өткізіп отырған. Олар – бәйге, күрес, жамбы ату, жорға жарыстыру, тағы басқалары.Қазіргі кезде де қазақтың қимыл- қозғалыс, тапқырлық, білімділік, ой- қиял ұшқырлығын талап ететін ойындар көптеп ойналып жүр.Сондай ойындардың бірі– көкпар.
Көкпар тарту үлкен жиын, тойлардағы негізгі ойындардың бірі.Көкпарға серке тартылады.Көкпар батылдықты, күш-қайратты, ептілікті қажет ететін жарыс.Біздің «Көкпар» атты кезеңімізде оқушылардың тапқырлығы мен шапшаңдығын байқаймыз.
2 минутта тақтадағы «Математика» сөзінің әрбір әрпінен басталатын математикалық термин жазу керек.қанша математикалық термин жаза алса, сонша ұпай беріледі.
4- кезең. «біліктілік» кезеңі.
«Қызықты тапсырмалар» тақырыбымен карточкалар беріледі.барлығы 10 карточка. Қайсы топ көп шығарса, сол топ сонша көп ұпай алады.
Карточка № 1.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 цифрларының орналасу ретін өзгертпей олардың арасына «плюс және минус» таңбаларын, барлығы үш таңба қою керек.Сонда 100 саны шығу керек.
Карточка № 2.
Сағат циферблатын әрбір бөлігіндегі сандардың қосындысы 13- ке тең болатындай етіп бөліктерге бөлу керек.
Карточка № 3.
Үш бестік пен амалдардың көмегімен 0 және 2 санын шығару керек.
Карточка № 4.
Тиімді тәсілмен есептеңдер.
Карточка № 5.
( ; аралығында қанша натурал сан орналасқан?
Карточка №6.
санынан үлкен болатын ең кіші бүтін санды табу керек.
Карточка № 7.
Бұл құралды әдебиет пәнінің мұғалімдері ешқашан қажет етпейді.Ал математика пәні мұғалімі екінші сыныптан бастап қолынан тастамайды.Ол өзі бір ерекше зат: Өлшеп-өлшеп алып, түр-түрге бөліп тастайды.Бетіндегі белгілерді ауырып, қызуың қатты көтерілгенде мамаң да, дәрігер де қайта- қайта айтып қоймайды.Бұл не? (транспортир)
Карточка № 8.
Ағаш басында 100 торғай отыр еді.Аңшы 10 торғайды атып алды.Торғайдың қаншасы қалды? (10)
Карточка № 9.
Тиімді тәсілмен есептеу керек:
45 ∙ 52 – 52∙42 + 42∙51 – 51∙39 + 39∙50 – 50∙36 + 36∙49 – 49∙33 = ?
Карточка № 10.
Есептеудің оңай жолын табу керек:
= ?
Қорытындылау.
Санаңды сенің толтырар, Есеп тану пәні бар. Сабағыңды оқысаң Өміріңде жолығар.
Сайысымыз өз мәресіне жетіп, келесі сөз кезегін әділқазыларға береміз.
«Ақыл- достан, өнер- жастан» шығады деп халқымыз бекер айтпаған.Өз білімдерін көрсетіп, білім додасына түскен математик оқушыларымызға алғысымыз шексіз.
«Абай атындағы орта мектебі» ММ
Озық ойлы оқушы
(сыныптан тыс шара)
8 «А» сыныбы
Дайындаған: Қ.Тоқтамысова
Бейнеу селосы.Қазан.2013 жыл.
|
Достарыңызбен бөлісу: |