Сабақ Тақырыбы: «Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз»


Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс



бет5/5
Дата29.12.2021
өлшемі0,79 Mb.
#105977
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
000cafce-eac7bc97

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Төменде берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысын кеменің желкеніне, қайсысын судың түбіне жіберер едіңдер. Себебін
түсіндіріңдер.
Сүйіспеншілік, дөрекілік, жанашырлық, қиянат жасамау,еңбекқорлық, сыйластық, әдепсіздік, мейірімділік,жауапкершілік, шыдамсыздық, сабырлылық, ұстамдылық,қамқорлық.






6. Топпен ән айту.

Бақытты балалар әні
Өлеңін жазған: Қосжан Мүсірепов
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.
Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.




7. Үй тапсырмасы.

1. №18 – сабақ. Өздері жасаған ізгіліктерін туралы жазып келу.

2. Келесі сабақ. №19, «Шіріген картоп» өсиет әңгімені оқып келу.





8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет! й тапсырмасы.

«Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқу

Соңғы тыныштық сәтi

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.


Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет