Мергазина Анар Ерлановна
Тарих пәнінің мұғалімі
«Ленин атындағы орта мектебі»КММ
Сабақ тақырыбы: п 15. Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертедегі көшпелілер мен отырықшылар байланыстары, «Көшпелі өркениет» ұғымын, қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым-қатынастың дамуы жайлы жан-жақты толық түсінік беру,темір дәуірі мен орта ғасырлардағы байланыстарға тоқталып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:
Өз беттерімен қорытынды жасауға дағдыландыру, негізгіні ажырата білуге, өз бетімен жұмыс жасауға, зерттеу жұмыстарын қорғай білуге, өй-өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Адамгершілікке, имандылыққа, тарихи ескерткіштерді қорғауға,
Отанын сүюге , мақтанышпен қарауға, өнер ескерткіштерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ . Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақ әдісі: Әңгіме, пікір алысу, ізденіс , саяхат.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, таратпалар, Қазақстанның картасы
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а/ оқушылармен амандасу, түгендеу
б/ сабаққа әзірліктерін бақылау
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Материалдық мәдениет
2.Рухани мәдениет
3.Жартылай көшпелілердің діни-наным сенімдері
Достарыңызбен бөлісу: |