Сабақ тақырыбы Пайызы бойынша санды табу



бет6/7
Дата11.05.2020
өлшемі106,89 Kb.
#67044
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 сабак сабак жоспары

4. Есептер шығару

Топтық жұмыс (үлестірме 2)

1 нұсқа


1. Қандай-да бір ақша соммасының 3 % -ы 1800 тг екендігі белгілі. Ақшаның барлық соммасын тап?

2. Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

А) Егер шарбақ ұзындығының 15% -ы 60 м-ге тең болса, онда шарбақ ұзындығының 30 %-ы . . . тең ;

Б) Егер шарбақ ұзындығының 15% -ы 60 м-ге тең болса, онда шарбақ ұзындығының 5 %-ы . . . тең;

3. Сатушы сатуға арналған барлық алманың 20% сатып жиберді, бұл 40 кг-ды құрайды. Сатушыда барлығы қанша килограмм алма болды?

4. Сыныпта 30 оқушы бар. Жүгіруден жарысқа сынып оқушыларының 30% қатысты, бұл мектеп оқушыларының 2% құрайды. Мектепте барлығы қанша оқушы бар?

5. 5 пайыздық 100 грамм тұз ерітіндісінде қанша тұз бен су бар? Ал 200 грамм тұз ерітіндісінде қанша тұз бен су бар?

6. Қорапта әртүрлі қарындаштар бар. Олардың ішінде 20% - түрлі түсті және түрлі түсті қарындаштардың 25% - қызыл. Асем қызыл қарындаштарды санады – олар 6 болды. Қорапта барлығы қанша қарындаш болды?

Микрокалькулятордың көмегімен берілген пайызы

бойынша санды табу алгоритмі

25% -ы 175-ке тең болатын санды табу үшін:

1) калькуляторда 175 санын теру керек;

2) / немесе бастырмасын басу;

3) калькуляторға 25 санын енгізу;

4) % бастырмасын басу.

Индикаторда жауап көрінеді:700.

25% -ы 175-ке тең болатын санды табу бағдарламасы: 175/25 %.
Микрокалькулятордың көмегімен табыңыз.

1) Оның 12% -ы 10,8; 4) Оның 60% -ы 45;

2) Оның 15% -ы 8,4; 5) Оның 110% -ы 93,5;

3) Оның 40% -ы 22,4; 6) Оның 180% -ы 64,8.




үлестірме 2

Минаева С.С.

Вычисляем без ошибок

Работы с самопроверкой для учащихся 5-6 классов

үлестірме 3
Алдамұратова Математика 5 сынып


Сабақ соңы

2 минут




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет