Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4А: «Пайыз» (12 cағ). Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу.
|
ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалы «Қарағанды қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Махашев С.Т., Мустахаева В.М.
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақ тақырыбы
|
Пайызы бойынша санды табу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.1.2.34
берілген санның пайызын табу;
5.1.2.36
берілген пайызы бойынша санды табу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Берілген санның пайызын таба білу;
Берілген пайызы бойынша санды таба білу;
Берілген пайызы бойынша санды табуға мәтінді есептерді шығара білу.
|
Сабақ түрі
|
Жаңа тақырыпты оқыту
|
Бағалау критерийлері
|
Берілген санның пайызын таба алады;
Берілген пайызы бойынша санды таба алады;
Берілген пайызы бойынша санды табуға мәтінді есептерді шығара алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Берілген пайызы бойынша санды табуда келесі сөз тіркестерін қолданады:
Пайызды санмен(ондық бөлшекпен) өрнектеу үшін . . .
Санды пайызбен өрнектеу үшін . . .
Берілген пайызы бойынша санды табу үшін . . .
Микрокалькулятордың көмегімен берілген пайызы бойынша санды табу үшін . . .
|
|