Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин [МАН 52-бет]. Баға-бала үшін ең маңыздысы болып табылады. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп , сыныптағы беделін нығайтады деген пікірмен толық келісемін, өйткені қалыптастырушы бағалаудың өзі оқушыларға алға қарай жылжуына, өздеріне сенімді болуға көмектеседі. Бағалау оқушының білім алуына көмектеседі. Баға арқылы мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Бағалау үшін арнайы сабақ жоспарына сай бағалау критерийлерін дайындадым. Сабақ соңында оқушылар өздерін белгіленген критерий бойынша бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: |