Сабақ тақырыбы: ПӘНІ: химия сыныбы: 9 бағыты: жаратылыстану математика



бет8/9
Дата29.01.2018
өлшемі3,99 Mb.
#36047
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бұрынғы «дәстүрлі»сабақтарда бағалауды тек сабақ соңынан қоятын болсақ, мұнда бағалаудың екі түрін пайдаландым. Ол «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау». Бағалаудың да оқушылар үшін оң әсері болғаны көрініп тұрды. Себебі өзара бағалау кезінде өздерінің артық немесе кем бағалаған тұстарында балалардың өздерінде өзгерістер болғандығын көрдім. Дoсының бағалауы оған әсерлі болды. Сонмен қатар бұл сабағымда рөлдік ойын арқылы диалогтық әдісті қoлдануды тиімді екендігін, оқушылардың өздерін еркін сезініп сөйлеу мәнерінің терминдерін дұрыс түсініп қолдануына жол ашатындығын білдім. Кейбір оқушылар үшін химияны оқуда кедергі болып жүрген проблемаларды білгендеймін.Себебі, мен балаларға топтық жұмыстар жүргізу мақсатында өзім көп іздендім, осының нәтижесінде өзімде сабақ өткізуге деген қызықты көп деген жаңа идеялар пaйда болды.

Бүгінгі сабақтағы оқушылардың және сабаққа қатысқан мұғалімдердің кері байланысын «Білім ағашы» арқылы стикерге жазып сабақтан алған әсерлерін жазып қалдырды: Онда-“ Бүгінгі сабақта ұнағаны топпен жұмыс жасаған ; Бүгінгі сабақтың барлық кезеңдері ұнады ; Әсіресе рөлдік ойын; Апайға көп рахмет!; Топпен жұмыс жасаған өте көңілді болды; Көптеген қызықты мәліметтер алдық; Өзіміздің презентация қорғағанымыз өте жақсы екен; Жұп болып есептер шығарғанда жарысып отырып орындаған жақсы; Ұнамағаны: уақыттың аз болғаны” , - деп пікір қалдырыпты. Бұрын қоңырау соққанда сыртқа жүгіре жөнелетін балалардың мұндай кері байланыс жасауы мені бір қуантып тастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет