Сабақ соңындағы оқушылардың кері байланысы Сабаққа қатысқан мұғалімдердің бас бармақ арқылы сабақты бағалауы.
Атырау облысы Жылыой ауданы
№9 жалпы орта білім беретін
мектептің химия пәні мұғалімі
Алтыбаева Ажар Әлиқызы
Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп
“Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндет ауыр ”
Н.Ә.Назарбаев
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән – мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталатындықтан , тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез – келген жерде қолдану
[МАН 4-бет].
Осы мақсатта өзім еңбек ететін №9 жалпы орта білім беретін мектептің 9 «а»сыныбына өткізілген «Кремний және оның қосылыстары» тақырыбына тоқталсам. Осы тақырыпты бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып сабақ жоспарын құрдым. Сабақтың мақсатын СМАРТ пен алдым, яғни оқушыға нақты, қол жетімді болу үшін. Сабақты құру барысында мынадай мақсаттарды негізге алдым:
1. Оқушыларды тақырыпқа тарту.
2. Оқушылардың алғашқы түсініктерін өздері дайындаған презентация арқылы тексеру.
3.Оқушылардың зерттеу құрылымына қосатын үлесі.
4. Оқушылар ақпаратты интерпретациялайды және ойланады.
5. Оқушылар рөлдік ойын арқылы түсініктерін кеңейтеді.
Бұл тақырыптағы мақсатым Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттерін естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы кремнийдің қасиеттері туралы жаңа білім беру, кремнийдің қолдануы жөнінде түсінік беру. Оқушылар жүйелі ойланып, саналы түрде жауап беру үшін химия тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу. Шығармашылық деңгейлерін дамыту. Сабақтан күтілетін нәтижем оқушылар кремнийдің таңбасын, периодтық жүйедегі орнын, алынуын және таралуын, физикалық қасиеттерін біледі.Химиялық реакция теңдеуін құрудың басты шарттарын негізге алып кремнийдің химиялық қасиеттерін анықтайтын теңдеулер құрастырады.
Мен мұндай нәтижеге жету үшін оқытудың жеті модулін ықпалдастырдым. Ұйымдастыру кезеңінде мен оларды жаңа тақырыпқа байланысты топқа бөліп , сергіту және оқушылардың қызығушылығын өздеріне сенімділігін жоғарылату мақсатында «Өзін – өзі сендіру» тренингін өткіздім. Бұл тренинг балалардың психологиясына оң әсер етті. Бұл жаттығу біткен соң, оқушылар шапалақ ұрып бір-біріне қолдау көрсетті. Бүгінгі сабақ бойынша әр топқа өзін – өзі бағалау парақшасы берілді. Оқушылар әр тапсырма бойынша смайлик алу арқылы ұпай жинайтыны ескертілді. Ақпаратты көп қайталасаң, жадыңда ұзақ сақталатындығы дәлелденген.(МАН 19-бет) Үй тапсырмасын тексеруге оқушыларға алдыңғы сабақты қайталауға «Көміртегі» тақырыбына перезентация дайндау болатын. Оқушылар өздері дайындаған жұмыстарын сәтті қорғады.Содан соң «Серпілген сауал» әдісі бойынша үй тапсырмасын қорытындылауға сұрақтар қойылып, оқушылар өзін – өзі бағалауға смайлик алу үшін шапшаңдық танытып жауап беріп отырды. Сабақтың негізгі бөлімінде жаңа сабақтың СТАРТЕРІ ретінде «Кремний және оның қосылыстары» бойынша бейне баян көрсетуді жөн көрдім, осы кезде оқушылардың барлығы назар салып тыңдап жаңа тақырып туралы кең мағлұмат алғандығы байқалды, себебі жаңа тақырып бойынша сыныптағы дарынды баланы анықтау мақсатында презентация қорғауға алдын ала тапсырма берген болатынмын, сол бойынша дарынды оқушы өзінің дайындаған презентациясын қорғап , оқушылар бас бармақ арқылы оң бағалады. Сабақтың келесі кезеңі «РАФТ» (рөлдік ойын) әдісі,топтық жұмыс, мұндағы мақсатым оқушылардың ой- өрісін және жаңа тақырыпты интерпретациялау арқылы рөлге еніп шеберлігін анықтау болатын. Бұл кезеңдеде оқушылар шеберлік танытып жоғары деңгейде орындап жақсы ұпайлар алып отырды. Осылайша оқушылар жаңа сабақты меңгергендігін білдім. Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен жұптық жұмыс берілді. Онда оқушыларға жұп болып есептер шығарды. Әр жұптағы оқушылар бір – біріне көмектесе отырып есептерді жақсы орындап, әр дұрыс есепке бір смайлик алып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |