Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
11.1А Көпжақтар
|
Мектеп: №129 ЖОББМ
|
Күні: 01.10
|
Мұғалімнің аты-жөні: Алпысбаева Ж.
|
Сынып: 11 Ә
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
11.3.1 призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар:
- көпжақтарды бейнелейді;
- формулаларды қолдана отырып призманың бүйір және толық бетінің аудандарын табады.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушылар:
- призманың және оның элементтерінің анықтамасын біледі;
- призманың сызбасын дұрыс бейнелейді;
-призма элементтерін кескіндейді;
- призманың белгісіз элементінің шамасын дұрыс таба алады;
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар:
- көпжақтарды және олардың элементтерін атау;
- көпжақтардың жазбаларын сипаттау;
- есептерді шығаруда призманың бүйір және толық бетінің аудандарының
формуласын айқындау;
- сызбаларды және жазбаларды салуда, олардың шығарылуына түсініктеме беру.
- бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есептер шығаруда қолданады;
Пәнге тән лексика мен терминология:
- дөңес, дөңес емес көпжақ;
-призманың табаны;
- призманың биіктігі;
- тік призма;
- көлбеу призма;
- призманың бүйір жақтары;
- призманың бүйір қырлары;
-көлбеу және тік призма;
-дұрыс призма;
-призманың бүйір беті және толық беті ауданы ұғымдары.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-параллель жазықтардың арасында...;
- призма – бұл ... тұратын фигура;
- призманың биіктігі – бұл ... перпендикуляр;
- тік призманың биіктігі оның ... тең;
- дұрыс призманың барлық жақтары – ... ;
- жазба ... білдіреді;
- призма– бұл … көпжақ;
-егер призманың табанында..., онда .... аталады.
|
|