Жылдамдық тобы
№1.
Жүк көлігі бірінші күні барлық жолдың үштен бір бөлігін жүрді, екінші күні бірінші күнгі жолдың 90 % жүрді, ал үшінші күні қалған 440 км жолды жүрді. Жүк көлігі екінші күні қанша километр жол жүрді?
№2.
Саяхатшылар тобы 1 сағ автобуспен, содан кейін автобус жылдамдығынан 18 км/сағ – қа кем жылдамдықпен 6 сағ жаяу жүрді.Саяхатшылар тобы барлығы 67 км жол жүрген болса, автобус жылдамдығы мен жаяу жүргендегі жылдамдықты табыңыз.
№3.
Ара қашықтығы 256 км екі станцадан бір мезгілде, бір бағытта жүк пойызы мен жолаушылар пойызы жолға шықты. Жолаушылар пойызының жылдамдығы жүк пойызының жылдамдығының 50% - ға артық және 8 сағаттан кейін жолаушылар пойызы жүк пойызын қуып жетсе, онда олардың жылдамдықтары қандай болғаны?
Жауабы: 360 км; 25 км/сағ, 7 км/сағ; 64 км/сағ, 96 км/сағ;
|
Тапсырма бойынша жұптық жұмыс жасайды
Жұптық талқылау жасайды
Тапсырмалардың нәтижелерін салыстырады
Оқулықпен жұмыс жасайды
|