Қоспалар тобы №1. Сироп құрамында 18% қант бар. 40 кг сиропқа қанша килограмм су қосқанда, қанттың мөлшері 15% болады?
№2. Ылғалдылығы 85% құрайтын 8 кг балғын түймедақ гүлі жиналды. Гүлдер кептірілгеннен кейін олардың ылғалдылығы 20% болды. Кептіргеннен кейін түймедақ гүлінің массасы қандай?
№3. 10 кг салмағы бар мыс пен қалайы қорытпасы 70% калайыдан тұрады. Осы қорытпаға 8 кг мыс қосылды. Қоспадағы қалайының концентрациясы мыстың концентрациясынан үш есе артық болуы үшін қанша килограмм қалайы қосу керек?
Жауабы: 8 кг; 1,5 кг; 26 кг.