I топ. Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, әріп бөліктері бірдей қосылғыштардан құралған алгебралық қосындыны ықшамдауға болады.
1 - мысал. алгебралық қосындысы берілген.
қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей.
Анықтама. Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
Тең қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.
II топ. 2 - мысал. Ұқсас қосылғыштары бар алгебралық қосындысын ықшамдайық.
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұқсас қосылғыштардың ортақ әріп бөлігін жақша сыртына шығарып жазайық: .
Мұндағы: - алғашқы өрнек,
с - ортақ әріп көбейткіш,
2с - өрнектің ықшамдалған түрі.
Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.