Мектеп: №128 жалпы орта білім беретін мектеп
|
Күні: 07.11.2019ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Көмек Карима
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.2.17
рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
рационал сандарды қосудың қасиеттерін қолданады;
рационал сандарды көбейтудің қасиеттерін қолданады;
ауызша көбейте білу машықтарын дамытады.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы:
рационал сандарды кобейтуді орындайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушы:
берілген сабақтың математикалық терминологиясын қолданады;
рационал сандарды көбейтуді ауызша айқындайды;
рационал сандарды көбейту ережелерін тұжырымдайды;
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
оң сан;
теріс сан;
бүтін сан;
рационал сан;
санның модулі;
таңбалары бірдей сандар;
таңбалары әртүрлі сандар;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
таңбалары әртүрлі сандарды көбейту үшін;
таңбалары бірдей сандарды көбейту үшін;
қосудың ауыстырымдылық қасиеті;
қосудың терімділік қасиеті;
көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті;
көбейтудің терімділік қасиеті.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Бір-бірін сыйлауға, тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Экономика.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
1) Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру.
2) Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру.
4) Үй тапсырмасын тексеру.
5) Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
6) Ауызша орында.
№1. Бөлек оң және бөлек теріс сандарды қосып, өрнектің мәнін тап.
|
Слайдтар 1-3.
Қосымша 1.
Слайд 4.
Қосымша 2.
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа материал түсіндіру. Мұғалім қысқаша түрде рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін мысалдармен көрсетіп кетеді.
Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді тиімді ықшамдауға болады.
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Қосудың терімділік қасиеті.
Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Көбейткіштердің орындарын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Көбейтудің терімділік қасиеті.
Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін бірінші санды екінші санның және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады.
1-мысал. Қосындының мәнін тап.
2-мысал. Өрнектің мәнін тап.
Өтілген материалды бекіту
Тақтада және өз орында әрбір оқушы рационал сандарды тиімді тәсілмен қосуға және көбейтуге байланысты есеп шығарады.
Сөзді есеп.
«В»
№2. Фирманың ақша есебінің өзгерісі бірінші айда екінші айда ал үшінші айда болды. Фирманың үш айдағы ақша есебінің өзгерісі наше теңге? Фирма зиян шеккен бе, әлде пайда тапқан ба?
№3. Бөлек оң және бөлек теріс сандарды қосып, өрнектің мәнін тап.
Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардан денеге арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.
«Арқаға арналған жаттығу».
Жұптасып деңгейлік тапсырмалар орындайды. Содан кейін мұғалім дайын жауаптарды беріп тексертеді.
|