Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларға өзгенің ойын тыңдай білуге, мектеп құндылықтарын сақтауға тәрбиелеу. Тоқталып айтар болсақ: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.