Сабақ тақырыбы Рентген сәулелері



бет4/4
Дата11.04.2022
өлшемі35,76 Kb.
#138779
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
2 Физика 9- сынып Рентген сәулелері саба жоспары (1)
1516596066288, osh sor geografija 9-klass kaz, 1541881748 (1), ТАҚЫРЫП, test base 294, test base 294
Жаңа сабақ:
1-топқа тапсырма:
Рентген сәулесі туралы материалдар жинау:
Рентген сәулесінің ашылу тарихы.
Рентген сәулесінің шығарылуы.
Рентген сәуленің қасиеттері.
Рентген сәулесінің қолданылуы.
2- топқа тапсырма:
Гамма сәулесі туралы материалдар жинау:
Гамма сәулесінің ашылу тарихы.
Гамма сәуленің шығарылуы.
Гамма сәуленің қасиеттері.
Гамма сәуленің қолданылуы.
3 топқа тапсырма:
Гамма және рентген сәулелерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын Венн диаграммасы арқылы.
Әр топ жинаған материалын таныстырады, оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды.

Рентген сәуле деген не?


Толқын ұзындығы 0,01-ден 10 нанометр (нм) аралығындағы толқындар ренген сәулелері деп аталады. Бұл толқындар төменгі энергетикалық деңгейдегі электрондардың бөлінуінен (үлкен жылдамдықтағы еркін электрон) түзіледі. Бұл аралық жоғарғы энергетикалық деңгейдегі жоғары энергиялы электронмен толтырылады. Бұл толқындардың жиілігі өте жоғары, эксагерцпен (1000 миллиард, миллиард Герц) өлшенеді. Жиілігі осындай жоғары электромагниттік толқындар электрондарды атомдардан ажыратып, оң зарядты ионға айналдыратын үлкен энергияға ие. Сол себепті рентген сәулелерін иондаушы сәулелердің бір формасы деп айта аламыз.

Рентген сәуленің медицинада қолданылуы:


Толқын ұзындығы қысқа рентген сәулелері адам ағзасынан өтеді, алайда сүйектермен жұтылады. Фотопленка науқастың артына қойылатын болса, онда сүйектермен жұтылған аймақтар бос күйінде қалады. Ағзадағы сүйек бейнесі осы жолмен алынады, дегенмен заманауи рентген құрылғылары бейненің орнына сандық детекторлар қолданады. Ұлпалар белгілі бір мөлшерге дейін рентген сәулелерін жұтады, сондықтан сүйектерден басқа да заттарды көруге болады және оны диагностика үшін қолданады.


• Гамма сәулелер дегеніміз не?


Толқын ұзындықтары 0,01 нм-ден төмен электромагниттік толқындар гамма сәулелер деп аталады. Шындығында, гамма сәулелер мен рентген сәулелерінің арасындағы шекараны айқындау қиын, сондықтан кейде бірдей толқынды ұзындығы қысқа рентген сәулесі немесе толқын ұзындығы үлкен гамма сәулесі деп санауға болады. Сондықтан, толқындар шығу тегіне байланысты жіктеледі. Рентген сәулелері атомдағы электрондар арқылы шығарылғанымен, гамма сәулелері атом ядросынан бөлінеді, немесе материя мен антиматерия жойылғанда бөлінеді. Гамма сәулелерін оқшаулау өте қиын, көбіне оның әсерінен сақтану үшін қалың бетон немесе қорғасын қолданылады. Гамма сәулелер иондалған сәулелердің бір түрі болып табылады және ол ұлпаны зақымдай алады. Оның басқа түрлерге қарағанда, зияны аз, себебі оның кез келген заттан өту қабілеті оның адам денесінен де жұтылмай толық өтетіндігін білдіреді.

Гамма сәулелер медицинада қалай қолданылады? Гамма сәулелер адамға зиянды болғанымен және қатерлі ісікке шалдығуға ықпал еткенімен, қатерлі ісік жасушаларын жоятын сәулелік терапияда қолданылады. Гамма сәулелердің адам денесінен өтуі гамма сәлелерін шығаратын заттар детектор ретінде қолданылу мүмкін екендігін білдіреді. Гамма сәулелер шығаратын заттар іштей қабылданады. Гамма сәулелер ағза сыртынан анықталады және олардың таралымы айқын көрінеді, сол себепті олар зерттеу мақсатында түсірілімдер жасау үшін және диагностика үшін қолданылады.


Үй тапсырмасы: 9- сынып оқулығы 36, 37- тақырыптарды оқу.



http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/pulses-and-continuous-waves-slinky-spring

немесе толқын моделінің аппараты


http://phet.colorado.edu/en/simulation/wave-on-a-string

Слайд 3-5

Электромагниттік толқындар шкаласы:
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10896-ehlektromagnittik_tolqyndarynyng_shkalasy
Радио және теледидар http://phet.colorado.edu/en/simulation/radio-waves



Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:


  • Мен осы сабақта не білдім?

  • Осы сабақта алған білімдерімді қайда қолданамын?

  • Сабақтан кейінгі менің көңіл күйім?

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Кері байланыс алу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет