Сабақ Тақырыбы: Ұрықжолдасты сүтқоректілердің дамуы



Дата24.04.2017
өлшемі155,85 Kb.
#15166
түріСабақ
«Бекітемін»
-сабақ Тақырыбы: Тақырыбы:Ұрықжолдасты сүтқоректілердің дамуы

Мұғалімнің аты жөні

Смет Гүлжамал

№190 орта мектеп

Қазалы ауданы ,Ақтан батыр ауылы



апта

25,01,2016 -күн

Сабақ-

Уақыты

Сабақ атауы

Тақырыбы:Ұрықжолдасты сүтқоректілердің дамуы

Сілтеме атауы

Биология анықтамалығы

11-сынып авторы Р.Сәтімбеков Р.Әлімқұлова ,Ж.Шілдебаев

Биология әдістемелік нұсқаулық


Жалпы мақсат

а ) .Антропоген замандардың ерекшеліктерін меңгергеріп, адам эволюциясының бағыттарын зеттеру.

өзіндік ой-пікірі қалыптасты. АКТ-ны пайдалана білді.Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа,сыни ойлауға ұйренді.Өзіндік идеяларын, ойларын ашық айты.

б) Алған білімдерін өздіктерінен пайдаланады.

в) Өз беттерімен зерделеп, зерттейді.



Міндеттері

Оқушыларға антропоген заманында тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сабаққа белсене қатысу арқылы сындарлы ойлауға ,пікірлерін еркін айтуға ,өз ойларын жеткізіп талдауға машықтанады.

Негізгі идеялар

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ұжымдық мәдениетін қалыптастыру, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау

арқылы теориялық ойлауын, білімін кеңейтуге ықпал жасау.



Тапсырмалар Wiki

материалдары



Power Point «білім беру платформасы»

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты

Мұғалім –іс әрекеті

Оқу іс -әрекеті




5-минут

І.Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен амандасу,түгелдеу, сәттілік тілеу




25-минут

ІІ.Маңызын арттыру



  1. Адамды приматтар тобына жатқызған ғалым:

а) Ж.Б. Ламарк; в) Ч. Дарвин;

б) К. Линней; г) Ф. Энгельс



  1. Адамның жануарлардан шыққандығын дәлелдейтін мүшелері:

а) рудимент; в) аналогты мүшелері;

б) миы; г) гомологты мүшелері

3. Қазіргі адамдар қай түрге жатады:

а) адам тәрізді маймылдарға; в) неандертальдықтарға;

б) архантроптарға; г) саналы адам

4. Ежелгі адамғарға ірі жануарларды аулауға не көмектесті:

а) қаруы; в) ит асырауы;

б) ұйымдасып аулау; г) отты пайдалану.

5. Австралопитектер бұлар:

а) австралия маймылдары; в) оңтүстік маймылдары;

б) австралия адамдары; г) оңтүстік адамдары.

6. Антропогенездің биологиялық факторлары:

а) әлеуметтік; в) еңбек әрекеті;

б) ақыл – ой, сана; г) тіршілік үшін күрес

7. Антропогенез дегеніміз – бұл:

а) адамның жеке дамуы; в) тұқым қуалайтын өзгергіштік;

б) приматтардың тарихи дамуы; г) адамның шығу тегі, дамуы.

8. Дамудың қай сатысында адам нәсілге бөлінген:

а) неоантроптар; в) архантроптар;

б) австралопитектер; г) палеонтроптар

9. Нәсіл ұғымын алғаш енгізген ғалым кім:

а) Лики; в) Дюбуа;

б) Бернье; г) Джохансон.

10. Адам эволюциясындағы әлеуметтік факторларды

ашқан ғалым:

а) Ж.Б.Ламарк; в) Ф.Энгельс;

ә) Ч.Дарвин; б) К. Рулье

1 В 6 Г


2 А 7 Г

3 Г 8 А


4 Б 9 Г

5 В 10 В


Жаңа сабақ

Венн диаграмасы

Адам : Үлкен алға қарай шығыңқы қысқа азу тістерінен ірі емес Бассүйектің негізінің орталығында S әріпі тәрізді

аяғынан қысқа қолынан ұзын



  • Ұқсастығы :Миы бет пішіні жақ сүйектері сойдақ тістері бассүйек пен омыртқа жотасының байланысы омыртқа жотасының пішіні тұлғасы аяқтары

  • Адам миынан 3 есе кіші Алға қарай созылған, шығыңқы әрі ұзын, әрі ірі азу тістерінен ірі бассүйектің негізінің артқы бөлігінде тік н/е артқа қарай дөңес аяғынан ұзын қолынан қысқа

Адамдардың маймылдармен ұқсастықтарына мысал келтір

Адам мен шимпанзе гендерінің 99%, гиббонмен 76% ортақ. Қуану, ызалану, қайғыру,ұрпақтарына қамқорлық жасау сезімдері б/ды. Кездесетін ауру түрлеріде /тұмау, шешек, тырысқақ/ ортақ Қортық шимпанзенің

сәйкес қанын адамға Адам мен гориланың 385,ал шимпанземен 396 анатом. белгілері ұқсас. құюға б/ды

Антропогенез сатылары

Австролопитек (епті адам)

Архантроп(ежелгі адамдар)

Палеонтроп(неандертальдық)

Неоантроп(кроманьондық)

Эволюциялық деректер әр ғасырларды сипаттайтын жер қабаттарындағы тірі ағзалардың қазба қалдықтары арқылы сақталған

Ежелгі маймылдардың және алғашқы адамдардың қазба қалдықтары табылып мәліметтер жиналды. Олар жақындарын жерлемеген. Денелерінен тек төзімді элементтер сақталады, мысалы – тіс, бас сүйектері, басқа да сүйектер.

“Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу” атты еңбегінде (1871) Дарвин адам маймылдардан шықты деген гипотеза ұсынды.

Адамның арғы тегі түкті және құйрықты болды. Олар ағашта өмір сүрді...

Қазіргі адамның қалыптасуы қалай жүрді? Ата тегі қандай болды?

Маймылдар (приматтар) отрядының атауын 1758 жылы швед ғалымы Карл Линней ғылымға енгізді.

“ПРИМАТ” латынның “Primames” сөзінен алынып, алғашқы, бірінші деген ұғым береді. Сонымен қатар маймылдарға қатысты “pitecos” сөзі қолданылады. Ол “маймыл” деген ұғым береді.



Адамның дамуы - адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетуінде, оның жүйке жүйесі мен психикасының жетілуінде, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әректінде, дүниетанымының баюында, ізгілігінде, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысты үрдісі.

Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы

Дриопитек (Dryopіthecіnae, грек. drys — орман және pіthekos — маймыл) —бұдан 25-14 млн.жыл бұрын тіршілік еткен адам тектес маймылдардың бір түрі .

Адамның бейімделуі (Адаптация человека) — адам экологиясындағы, сондай-ақ кептеген басқа пәндердегі (физиология, антропология, медициналық география,социология, этнография және т.б) негізгі ұғымдардың бірі. Адамның жаңа ортаға бейімделуі — күрделі әлеуметтік-биологиялық процесс. Мұның негізінде организмнің қызметі мен жүйесі, сондай-ақ дағдылы мінезқұлқы жатады. А.б. — екі жақты процесс; жаңа экологиялық жағдайға адамның өзі ғана бейімделіп қоймай, бұл жағдайды өзінің мұқтаждығы мен қажеттілігіне ыңғайландырады, тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесін жасайды. Бұған үй, киім, көлік,инфрақұрылым, тамақ, т.б. жатады. А.б-нің механизмдері әр түрлі . Сондықтан, адам қауымдастығына сәйкес мынадай түрлерін ажыратады: 1) биологиялық; 2) әлеуметтік; 3) этностық (әлеуметтің ерекше түрі ретінде) бейімделу

Австралопитектер(лат. аustralis - оңтүстік және грек. pithekos - маймыл), екі аяқты маймылдар. Австралопитектер шамамен, 4 млн жыл бұрын өмір сүрген. Миының көлемі-530 см.куб.

Бұл көне адамдар түрі шамамен бұдан 1,2-1,6 млн жыл бұрын пайда болды. Питекантроптар Африка шегінен шығып, адамдардың таралу аймағын кеңейтіп, Еуропа және Азияға орналасты. Олар біртіндеп өзгере және әбден жетіліп, миллиондаған жылдардан астам өмір сүрді. Бұдан түр бәсекелестікте төтеп бере алмай, тіршілік үшін күресте жеңіліс тапты деуге болмайды.

Неандерталдықтар — Батысеуропалық палеонтроптарды соңғы бірлестігіне жататын ежелгі адамдар түрі; питекантроптардан кейін, бүгінгі адамдар ұрпағынан бұрынырақ өмір сүрген; мүрделері алғаш рет 1856 жылы Германия жерінен табылған, ТМД елдері  территориясында Қырым елдерінде(Киик-Коба) және Өзбекстанда(Тешикташ) табылған

Кроманьондықтар - шамамен бұдан 30 мың жыл бұрын пайда болды. Қаншама жорамалдар ұсынылды.Кейбірі адам айтқысыз қызық: «неандерталдықтар мұздақтан өліп, кроманьондықтар ғарыштық кеменің қирауынан түскен ұшқыштар екен» десті. Оның себебі антропологтар 50 мың жылдан аз мерзімде ай-күні белгіленген неандерталдықтардың қалдығын табу сәтінің болмауынан еді. Соңғы 15 жылда мұндай олжалар Азиядан да, Еуропадан да табылды. Олардың айы-күні 40 және 30 жылға белгіленген.Табылған неандерталдықтардың келбеті кроманьондықтар сияқты.

Қазіргі адамның пайда болуы, дамуы ұзақ уақытқа созылған өте күрделі құбылыс.

Адам эволюциялық дамудың осы сатысында тоқтады. Антропогенездің қозғаушы күштерінің қазірде әсері жоқ.

Нәсілдер арасындағы айырмашылықтар адамдардың сыртқы түрлерінің өзгешелігіне негізделген. Мұндай айырмашылықтар әрбір нәсілдің бір-бірінен айырмашылығы бар табиғи жағдайларда ұзақ уақыт өмір сүруінен пайда болған. Нәсілдердің барлығында да ақыл, ойлау қасиеттері бірдей

Қазір адам нәсілдері 4 ке бөлінеді:

австралоидтық,

негроидтық, еуропеоидтық

және монголоидтық.

Олардың өзі ұсақ 30 астам нәсілдерге бөлінеді

Азиаттық нәсілдер шөлді және шөлейтті жерлерді мекендегеннен шықты.Онда қатты желдер мен, құмды борандар, ал қыста қарлы борандар болды. Күн теріні күйдірді , бірақ суықтан қорғамады. Терісі күнін күйдіруінен сақтайтын коңыр түсті, көздері шаң тозаңнан сақтану үшін қысыңқы болды.Тілдері қазақ, монголдық, түрік, өзбек, т.б.

Европалық нәсілдер суық климаттық жағдайларға қоныстанумен шықты. Мұнда күн қатты күйдірмейді, сондықтан шаш, көз және тері ашық түсті болды. Еріндері жұқа әрі кішкене болды. Европалық нәсілдер әр түрлі тілдерде сөйлеседі: неміс, славяндық, армяндық және т.б.

Негроидты нәсілдер оңтүстіктің ыстық климатына бейімделуден пайда болды. Терінің қара қошқыл түсі күннің жарық сәулесіне қарсы қорғаныштық бейімділіктің пайда болуы. Ал шаштың бұйра болуынан шаш арасында ауа болып, денені ыстықтан қорғайды. Тілдері: банту, чадтық, эфиопалық, т.б



Антропогенез (Anthropogeny)

Антропогенез - адамның шығу тегін зерттейтін ғылым саласы.

Антропогенез – адамтың тарихи-эволюциялық қалыптасуын, алғашқы еңбек, сөйлеу, қоғамдық тіршілік әрекеттерін зертейді


«ҰБТ бұрышы»

Адамдардың пайда болу кезеңі: Антропоген

Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым саласы: антропология

Алғашқы қылқанжапырақтылар шықты: Палеозой

Алғашқы құс – археоптерикстің шыққан кезеңі: Юра

Алғашқы құрлық өсімдіктері: Псилофиттер

Алғашқы прокариоттар пайда болды: Архей

Алғашқы құс – көнеқұс пайда болды? Мезозой

Ежелгі заманның атауы: Архей

Ерте палеозойға жатады? Кембрий

Ең ұзақ мерзімге созылған заман: Архей

Жер бетіндегі алғашқы организмдер: Протобионттар

Жер бетінде тірі ағзалар қай заманда пайда болды? Архей

Көпжасушалы балдырлар өсті: Протерозой

Қай дәуірде жалаңаш тұқымдылар кеңінен таралды? Мезозой

Қай дәуірде өсімдіктер судан құрлыққа шықты? Палеозой

Органикалық дүниенің даму кезеңдері: Архей, пртоерозой, палеозой, мезозой, кайнозой

Палеозой кезеңі: Девон

Парапитектің пайда болуы: Кайназой

Палеозой эрасының қай дәуірінде өсімдіктер құрлыққа шықты: Силур

Папоротник тәрізділердің жер бетінде кеңінен таралу дәуірі: Палеозой

Псилофиттерден пайда болды? Папоротниктер

Приматтардың миы және сезім мүшелері дамыды? Кайнозой

Силур, девон кезеңдері жататын заман: Палеозой

Теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулардың басым көпшілігі дамыған заман: Протерозой
Үйге тапсырма:

1 деңгей – адамның эволюциялық даму сызбасын құрастыру . (өз бетімен)

2 деңгей – «Жер және адам қандай керемет» тақырыбына реферат дайындау. (жұппен)

3 деңгей – Ч.Дарвин «Адамның шығу тегі жайында дәлелдемелер мен қайшылықтар» (топпен)
1.Бүгінгі сабақта не білдік?

2.Жұппен жұмыс жасау тиімді орындалды ма?

3.Әсіресе, сабақтың қай кезеңдері ұнады?

4.Бүгінгі сабаққа беретін бағаң?





5-минут

ІV Білімді жинақтау және жүйелеу

Семантикалық карта



Жұппен жұмыс

Жеке жұмыс






5-минут

V.Оқушылар білімін бақылау және бағалау







5-минут

VІ.Сабақты қорыту ,бағалау хабарлау




Сабақтың жабдықтары

Мультимедиа,интерактивті тақта ,маркер,қарындаш

Келесі тапсырмалар




Келесі оқу




Тәжірибелік сабақты бағалау




Сабаққа өзгертулер енгізу

Топтық жұмыстар қорғау,жұптық жұмыстар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет